ҚАЗАҚ КҮЙІ ҚОҢЫРАУДА ОЙНАТЫЛМАҚ

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» мақаласында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, оқушыларға халық өнерін насихаттау, оларды елжандылыққа тәрбиелеу айтылған. Осыған орай, күнделікті үзіліс кезіндегі қоңырауды күймен алмастыру жөнінде ұсыныс айтылған болатын. Ұсыныс мектеп ұжымы мен ата-аналар комитетінің мүшелері және мектептің қамқоршылық кеңесі келісімімен жүзеге асырылды. Нәтижесінде қоңырау орнына қазақтың "Аққу" күйі таңдалынып алынған. Болашақта барлық мектептерде қоңырау толықтай күйге ауыспақ.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.