Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 1901 ЖЫЛЫ ЖАСАЛҒАН САҒАТ ӘЛІ ТОҚТАМАЙ ЖҮРІП ТҰР

1901 ЖЫЛЫ ЖАСАЛҒАН САҒАТ ӘЛІ ТОҚТАМАЙ ЖҮРІП ТҰР

    Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ақмешіт» филиалында 2000-ға тарту құнды жәдігерлер сақтаулы тұр. Солардың бірі - жасалғанына бір ғасырдан астам уақыт өткен «Le Roi a Paris» сағаты. Француз тілінен аударғанда «Париж патшасы» деген мағынаны білдіретін бұл жәдігердің пайдаланылып келе жатқанына биыл 117 жыл толып отыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сағат әлі күнге дейін тоқтамастан жүріп тұр. Оны музейге Қызылорда қаласының тұрғыны табыс еткен. Сағат ерекше шеберлікпен құрастырылған. Бүгінге дейін толық сақталған. Кәдімгі үй жиһаздары секілді алыстан көзге түсетін асыл дүние өте мұқият жасалғаны аңғарылады. 
«Біздің қолымыздағы деректер бойынша бұл бұйым 1901 жылы жасалғаны белгілі. Сағат облыстық тарихи-өлкетану музейі қорына 2003 жылғы 20 маусымда тіркеуге алынған. 2004 жылдың 15 желтоқсанынан бастап бұл сағат құнды әрі сирек жәдігер ретінде біздің музейдің экспозициясына қойылды»,- дейді филиал меңгерушісі Кенжегүл Ахметова.
Сағатты жасаушылар шикізат ретінде қызыл ағашты қолданған. Сағаттың биіктігі - 1 метр, ені - 36 сантиметр.
Мұндай дүниелер өткен ғасырдың алғашқы кезеңінен бастап Германияда шығарыла бастаған.
28 мамыр 2018 ж. 1 099 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 527 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам