Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАДАҒАЛАНАДЫ

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАДАҒАЛАНАДЫ

    «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мүшелері республикалық желілік кестеге сәйкес, қаламыздағы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылау мақсатында рейд ұйымдастырды.
Шараға комиссия мүшелері мен қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, тапсырыс беруші және бас мердігер мекеме басшылары қатысты. Рейд мақсаты мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан жол, ауыз су, кәріз су және жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын бақылау.
Бірінші кезекте шараға қатысушылар «Мейржан» ЖШС-нің құрылыс жүргізіп жатқан Байтұрсынов көшесі бойындағы өздігінен ағатын кәріз желілерін қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Мұнан соң «УАД» ЖШС жүргізіп жатқан Байтұрсынов көшесіндегі асфальт төсеу, көшені жарықтандыру жұмыстарын көрді. Бұдан кейін «Дәнекер» ЖШС жұмыс жасап жатқан Панфилов, Қожа Ахмет Яссауи, Бөкейхан, М. Шоқай көшесінен Жеңіс көшесіне дейінгі ауыз су жүйесіндегі қайта жаңғырту жұмыстарын қоса қамтыды.
Жылу жүйелері бойынша «СК Энергия» ЖШС-нің Бөкейхан, Панфилов көшелеріндегі ТК-51-ден ТК-49А және «Механизатор» ЖШС Қ.Яссауи, Ғ.Мұратбаев көшелері бойындағы жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарын көріп шығып, комиссия мүшелері атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарына баға берді. Бас мердігер мекемелерге құрылыс сапасына аса мән беруді, сондай-ақ нысандардың көрсетілген мерзімге кешіктірмей тапсырылуын атап өтті.
                                                                   Биболат Сәтжан
04 маусым 2018 ж. 1 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам