Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚОЛЫ АЛТЫН ШЕБЕР

ҚОЛЫ АЛТЫН ШЕБЕР

     Қолөнерші – Айдана Әлайдарова Сыр өңірінде ұлттық мұрамызды дамытуда еселі еңбек етіп келеді.  Ұлттық мұраны дамытуда көптеген игі істерге ұйытқы болады.  Ісмердің қолынан шыққан дүниелерге  сұранысы өте жоғары. Бұл өнерге ол кісі бала күнінен қызығып, жанына жақын тұтқан.
– Кішкентай кезімде анамызға жүнді тазалауға, текемет басуға қол ұшын беретін едік. Бұл өнер ата-анамнан дарыған. Жастайынан олар жасаған дүниелерге сүйсініп өстім. Сондықтан ұлттық құндылықты ұмыт қалдырмай, ата- баба өнерін дәріптеуді мақсат еттім. Бүгінде өзім де осы мақсатта ерінбей еңбек етіп келемін, – дейді А. Әлайдарова.
Оның шығармашылық еңбектерінде жүннен жасалған панно, бас киімдер, кеудеше, аксессуарлар, текеметтер, сырмақтар, интерьерде қоюға арналған құмыралар, қоржындар, кәде-сый  секілді бұйымдар бар. Жұртшылық жүннен жасалған панно дүниесіне ерекше қызығушылық білдіреді. Сонымен қатар, табиғи киізден жасалған ұлттық ойыншықтарға қызығушылық танытатындар көп. Олардың ерекшелігі –  экологиялық таза әрі табиғи.  Ең бастысы, мұнда ешқандай тігіс қолданылмайды. Сондықтан олар өздерінің жылылығы, экологиялық тиімділігі, салмағының жеңілдігімен қолайлы.
Қолөнершінің жасаған еңбектері елеусіз қалған жоқ. 2014 жылдан бастап Қазақстан  қолөнершілер Одағының мүшесі. Бүгінде  «СырЭтноДизайн» қолөнер орталығының директоры болды. Сондай-ақ Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі. Өз ісін жетік білетін тәжірибелі маман студенттермен жеке жұмыс жасап, олардың шығармашылық қабілетін үнемі  арттырып отырады. Қабілеті жоғары студенттерге ерекше көңіл бөледі.
– Шәкірттердің жас ерекшелігіне қарамаймын. Халықтың қолданбалы өнеріне қызығушылық танытатын және қолөнермен шұғылданғысы келетін жас шеберлерге  қазіргі заманауи технологияны пайдаланып дәстүрлі табиғи материалдардан өнімдер жасау әдістерін үйретіп жүрмін, – дейді ол.
Он саусағынан өнер тамған жанның төл туындылары қазіргі уақытта қалалық парк жанынан ашылған этноауылдағы киіз үйлерде келушілер назарына ұсынылуда. Оның қиялынан туған ерекше бұйымдарға сүйсіне қарап, таңданыс білдіретіндер аз емес. Айдананың қолынан шыққан кәдесый, киім-бұйымдарға тапсырыс беретіндер де баршылық.
– Өткен жылы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне барып,  қазақтың ұлттық өнерін паш етіп қайттым. Онда сатып алушылардың көбісі шетелдіктер болатын. Бүгінгі таңда біздің өнімдерімізге қызығушылық танытатын өз отандастарымыз, жерлестеріміз көбейді. Олар тек сувенирлік бұйымдарды ғана емес, үй жабдықтарын, ұлттық нақыштағы киім-кешек пен аксессуарларды да сатып ала бастады. Сол сияқты, қыздың жасауына арналған көрпеше, сандық, кебеже, қоржын сынды бұйымдар да сәнге айналған. Бұл қол өнері нарығына жаңа леп, серпін беріп, дамытуға ықпал етуде. Соған сәйкес қолөнершілер қатары да толысып, кеңейіп келеді. Бұл қуантарлық жайт, – дейді қолөнерші.
                                                                         Айтолқын АЙТЖАНОВА.
05 маусым 2018 ж. 2 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам