Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АСТАНА – БИІК ТӨРІМ, ҚЫЗЫЛОРДА – ТУҒАН ЖЕРІМ

АСТАНА – БИІК ТӨРІМ, ҚЫЗЫЛОРДА – ТУҒАН ЖЕРІМ

 Үстіміздегі жылы Елордамыз – Астананың 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы кең көлемде тойланбақ.
  Қазақ мемлекетінің тарихына үңілетін болсақ, өткеннен өнеге алар тұстар өте көп. Мемлекет бар жерде Астананың болуы заңдылық. Астана қаласы ең қысқа мерзім ішінде салынып, еліміздің қарышты дамуына, сәулет өнеріндегі қайталанбас ғасыр жобасына  айналды. Сарыарқаның сайын төсінен, ерке Есілдің жағасынан бой түзеген бас қала ол биік армандарға жол ашатын, үлкен бастамаларға негіз болатын қазақтың ақ ордасы.
Астана – Қазақстанның кемел болашағын құрудағы жаңару мен жаңа идеяларды енгізудің үлгісі. Өзінің жаңа тарихында өзге ұлттарды ғана емес, бүкіл адамзатты бейбітшілік пен келісімге шақырып отырған ынтымақтың мекені. Елбасының төлтумасы саналатын Елорда бүгінде айдай әлемге танымал қалалардың бірі.
Елорда Есілдің жағасынан бой түзесе, Сырдың бойында аты мен атауы өзгеріп тұрғанмен заты өзгермеген көне шахар, ол – Қызылорда қаласы. «Дарияның жағасында бір қала бар»  деп ақындар жырға қосқан Сыр өңірінің бас шаһарына бүгінде екі ғасыр толып отыр. Бұл мерзім ішінде Қызылорда талай белестерді бағындырып, асулардан өтті. Қазіргі таңда заманауи үлгіде  жасанып, жасарып  Астанаға қарап, бой түзеп келеді,
«Сыр – Алаштың анасы». Бұл –  Елбасының көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Сыр елі жайлы сөзі. Қазақ тарихында өзіндік үлкен рөл атқаратын қаланың тарихы да тереңде жатыр. Сонау 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында ірге көтерген алғашқы Ақмешіт қорғаны деп аталады. Ал 1922-1925 жылдары қала қайта Ақмешіт атанды. 1925 жылы қазақтың орталығы болған қала Қызылорда атын иемденеді. Сыр өңірінің жылнамасын әлі де тұнып жатқан өз еліміз бен халқымыздың көне тарихының алтын қамбасы деп білгеніміз абзал.
Кезінде астана болған Ақмешіт соңғы кездері күн санап жанданып келеді. Сəулетті де зəулім ғимараттар, субұрқақтар, саябақтар мен демалыс орындары, ұлттық нақыштағы бейнелер де қала көркін ажарландырып тұр. Əсіресе, Жібек жолы даңғылының бойында қазақ халқының ұлттық салт-дəстүрін, мəдениетін көрсететін дүниелер көп көзіне ерекше түседі. Облыс орталығында шаңырақ, домбыра, жүзік, білезік секілді бейнелер орнатылған. Бұл жəдігерлердің барлығы қазақ халқының бай, құнды мұраларынан сыр шертеді.
Сыр елінің ұлан-ғайыр даласының сырлы шежіресі – Ақмешіт бүгінде өркендеген, өрістеген, шырайлы шаһарға айналып отыр. Осының арқасында жан-жақты байланыс артып, көптеген елдермен сауда, әріптестік қатынасқа жол ашылды. Бұл күнде ұлт жоспары мен мүддесін жүзеге асыра алатын ірі инвестиция орталығына айналды.
Елбасының халыққа арнаған әрбір Жолдауларынан туындаған бағдарламалар бағыты қызылордалықтарға ерекше екпін, күш-жігер беруде. Қызылорда қаласында ауқымды инфрақұрылымдар жұмыстары жүзеге асыруда белсенділік жоғары. Мұның барлығы инвестициялық жобалардың жүзеге асқандығының жарқын көрінісі.
Сұлу Сырдың жағасында жарасым тапқан қала көшелері түнде самаладай жап-жарық. Бұл уақытта  кең көшені бойлап, гүлзарларға қызыға қарап, жүре бергің келеді. Түнгі көрініс мүлдем басқаша. Қала көркіне көрік қосады. Осы орайда, әлем шаһарларымен теңдесе толысып, кең тыныстап жатқан Қызылорданы Астанаға қарап бой түзегенін көргенде кеудеңді мақтаныш сезімі кернейді.
Бүгінгі Қызылорданың келешегі кемел. Өйткені, облыс орталығының тыныс-тіршілігі өркенді өзгерістерге толы. Туған қаламыздың болашағынан бақыт сәулесінің құйылып тұрғанына куә болып келеміз. Күн санап туған жерге деген махаббатымыз артып, оның әр белесіне, шыққан шыңына қуанамыз, мақтан етеміз.
                                                                              Айтолқын АЙТЖАНОВА.
12 маусым 2018 ж. 2 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам