БАЛАЛАР ТАНЫМЫН КЕҢЕЙТТІ

Кіші топ балаларына танымдық процестерді дамыту ойындары жүргізілді. Ал, жоғары топ балаларына кедергіні жою, қарым-қатынас дағдыларын дамыту бойынша тренингтер жүргізілді. Сондай-ақ, лагердегі 170-ке жуық тынығушы балаларға психологиялық ойындар ойнатылып, би терапиясы ұсынылды. Сонымен қатар, жазғы демалыс уакытында су қауіпсіздігі және әлеуметтік желіге тауелділіктен арылу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.