Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТӨРТ ТҮЛІКТІ ТҮЛЕТКЕН ШАРУАЛАР

ТӨРТ ТҮЛІКТІ ТҮЛЕТКЕН ШАРУАЛАР

      Қазекем «Ет деген де бет бар ма?» дейді. Бұл өнімнің біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Ол жайында әзілге де жақынбыз. «Жесек тісімізге, жемесек түсімізге кіреді» дейміз қалжыңға сүйеп. Одан қалды бұл шаруа біздің қазақтывң ыңғайына келеді. Аграрлық саланың бір тармағы – мал шаруашылығын өркендету – маңызды міндет.
Қазір Қызылорда қаласының іргесіндегі елді мекендерге бара қалсаңыз, түлік түрлерін түлетіп жүрген бейнеткеш ағайынды көзің шалады. Несібе жолында ерінбей тер төгіп жүрген елдегі азаматтардың мұндай берекелі тіршілігін көргенде көңіліміз көкке көтеріліп қалады.
– Игілікті істің берекесін берсін, – дейміз шын жүректен.
– Айтқаның келсін. Күнделікті тіршілігіміз ғой, – деді олар сыпайы сөйлеп.
Ауыл өміріндегі осындай өркенді істер өрісімізді кеңейте түсері анық.
Қалада мүйізді ірі қара және өзге де төрт түлік малын өсіруге көңіл бөлген азаматтар бар. Ет өнімдерін өндірумен айналысатын «Саламат-Агро» ЖШС сондай ұжымның бірі Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен әріптестік негізінде игілікті істі қолға алды. Қуаттылығы тәулігіне 50 мал сою пунктін, 1500 мал бордақылау алаңы халық игілігіне берілді. Мұнда ет өнімдерін Ресей технологиясы бойынша  өндіреді.Серіктестік өз жұмысында осымен ғана жектелек емес. Олар қазір консервілеу зауытының  қондырғысын орнатып жатыр. Болашақта  қосымша шұжық өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр. Бүгінгі  күнге дейін серіктестік 28 тонна сиыр еті өндірді, өнімдер  қол жетімді бағада сатылады.Оған қоса КБИ мөлтек ауданында «Смағұл» мал бордақылау алаңы іске қосылды. Бұл жобаны жеке кәсіпкер «Алтайбаев» өз қаражаты есебінен 300 млн. тенгеге жүзеге асырып отыр. Бұл орын 4 гектар аумақта орын тепкен. Цехтың қуаттылығы тәулігіне 50 мал союға жетеді. Сондай-ақ, мал бордақылау алаңыда бар. Ең маңыздысы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды басты мақсат тұтқан бұл нысан 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сиыр етінің келісі 1250  теңге тұрады. «Қалымбетов К.И» жеке кәсіпкерінің «Арай» шұжық өндіру цехында өнімнің 20-ға жуық түрін шығарылуда. Цех 38 адамды еңбекпен қамтыған. Ал, өнімі  қаладағы  сауда  орталықтары мен  әлеуметтік  дүкендерде  сатылуда.Қалаға қарасты Ақсуат ауылдық округінің аумағынан жалпы көлемі 10 гектар аумақта асыл тұқымды құс өсіруге мән берілуде. «Самұрық құс фабрикасы» ауылшаруашылық кооперативі ғимарат құрылысын өз қаржысы есебін жүргізді. Бүгінгі  күнге  құстарға  арналған  2 бөлігінің  құрылысы аяқталып, онда 13 мың құс бағылуда. Тәулігіне 5 мың жұмыртқа өндіріледі. Өнім келісім-шартпен сауда орындарына, базарларға  таратылуда.Ал, құс етін өндіруге орай Қарауылтөбе ауылында «Натишаева» дара кәсіпкері де 120 мың тауық өсіруге арналған құс фермасының құрылысын бітірді. Одан кейін Алматы қаласындағы «Симар» компаниясымен ет бағытындағы «Бройллер» тауығының балапандарын алуға келісім жасалды. Тиісті қаржы есебінен 68 000 балапан жеткізілді. Кәсіпкердің есебінде бұдан басқа ет тауық пен қаз өсірілуде. Осындай жұмыстың арқасында биылғы I тоқсанында ауылшаруашылығы кооперативтері бойынша барлығы 66,8 ет, 339,3 тонна сүт өнімдерін өндіріп, қала халқына қолжетімді бағамен сатылуда. Мамандардың айтуынша, мұндай игі іс әртүрлі бағдарламалар бойынша дами түспек.
                                                                   Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
25 маусым 2018 ж. 1 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 440 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам