МӘДЕНИЕТТЕ АУЫЛДЫҚ КЛУБ АШЫЛДЫ
Облыс әкімінің қатысуымен Мәдениет ауылындағы әсем де келбетті ауылдық клуб халық игілігіне пайдалануға берілді. Жалпы құны 187,9 млн теңгені құрайтын жобаның бас мердігері - «СК и Монтаж - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев заманауи үлгідегі жаңа клубы бар Мәдениет ауылынан Сыр елінің мерей-мәртебесін асқақтатар талантты ұл-қыздардың шығатынына сенім білдірді.