Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ СЫР ӨҢІРІНДЕГІ КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ СЫР ӨҢІРІНДЕГІ КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

   ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы депутатық фракциясының мүшелері Абзал Ералиев, Бақытбек Смағұл, Генадий Шиповских Сыр өңіріндегі сапары барысында  Жаңақорған ауданындағы СКЗ-U күкірт қышқылы зауытының жұмысымен танысып, жұмысшы ұжыммен кездесті.
«СКЗ-U» зауыты – күкірт қышқылын дайындайтын Сыр бойындағы ауқымды өндіріс орындарының бірі. Шетелдік озық әрі тиімді, қоршаған орта үшін қауіпсіз технологияларды қолданатын зауыт мемлекеттің үдемелі - индустриялды иновациялық даму бағдарламасы аясында  2007 жылы құрылып, 2011 жылы пайдалануға берілген. Тәулігіне 1500, жылына 500 000 тонна күкірт қышқылын өндіреді. Бүгінде мұнда 277 адам жұмыс істейді. Оның 65 пайызы жергілікті азаматтар. Солардың бірі Сәбит Дауылбаев.
Сәбит қызмет жолын осында жәй жұмысшы болып бастаған. Бүгінде күкірт қышқылы цехының бастығы.
-Мен мұнда 6 жылдан астам уақыт  жұмыс істеп келемін. Жұмыс өте жақсы, барлық жағдай жасалған. Үйден кіріп шығасың. Оның үсітіне қолмен жұмыс істемейсің. Барлығы автоматтандырылған. Айлық та уақытылы. Ең бастысы сауатты, техникалық қауіпсіздікті қатаң сақтап жұмыс жасасаң болды.
Сондай-ақ, зауытта өнім өндірудің қуат үнемдеуші әдістері де кең қолданыс тапқан. Яғни, қышқылды өндіру барысында шығатын буды турбогенераторлар арқылы  электр энергиясын өндіруге қолданып отыр.
 - Мемлекет басшысы Үкіметке энергия үнемдеу саласында жалпы ішкі өнімді үнемдеуді 2020 жылға қарай 25 пайызға төмендету бойынша зор міндет жүктеген болатын. Бұл бағыттағы жұмыстарда біздің  кәсіпорынның қосып отырған үлесі қомақты. Яғни, зауыт қышқылды өндіру барысында шығатын будан, қосымша  жалпы құны 4,3 миллиард теңге көлеміндегі сағатына 18 мВт электр энергиясын өндіріп отыр. Бұл зауытты электр энергиясымен қамтып қана қоймай аудандық электр желісіне де арзан энергия ұсынып отыр деді зауыт басшысының орынбасары Сәулебек Дүйсенбеков.
Зауыт жұмысмен танысып, ұжым мүшелерімен кездескен халық қалаулылары зауыт жұмысына өз ризашылықтарын білдірді.
- Уранның әлемдік қорының үштен бірінен астамы біздің елімізде шоғырланған. Оны өндіруде күкірт қышқылының рөлі зор. Бұрын еліміз күкірт қышқылын алу үшін өзге елдерге тәуелді болса, енді бәрі керісінше. Зауыт толық қуатында, тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұл ел экономикасының  дамуына сүбелі үлесін қосып отыр деген сөз. Алдағы уақытта  күкірт қышқылы еліміздегі уран өндіретін кәсіпорындарда ғана емес, өзге де халық шаруашылығында  кеңінен қолданылатын болады деп сенеміз,-деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл.
Мәжілісмендер сондай-ақ тұрғындардың өтініштерін тыңдап,  Парламент қабырғасындағы атқарылған жұмыстарды сонымен бірге Елбасы Жолдауы мен 5 әлеуметтік бастамасынан туындайтын міндеттердің  жүзеге асырылу барысындағы жұмыстарды кеңінен айтып өтті. 
11 шілде 2018 ж. 1 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам