Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖАСАЛҒАНЫНА 123 ЖЫЛ БОЛҒАН БЕСІК БАР

ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖАСАЛҒАНЫНА 123 ЖЫЛ БОЛҒАН БЕСІК БАР

Жаңақорған аудандық тарихи-өлкентану мұражайында жасалғанына 123 жыл толған бесік бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ғасырдан астам тарихы бар құндылықты мұражай қызметкері Рахима Әбсаттарова өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында Бірлік ауылынан тапқан. Оны 1895 жылы Темірбек деген ұста жасаған көрінеді. Содан бері жарық дүние есігін ашқан нәресте үшін қасиетті бесік сыр бермей, сынын да жоғалтпай тұрған жайы бар.
Айта кетерлігі, бесіктің жасалуында көптеген ерекшеліктер бар. Оған ешқандай шеге қолданылмаған екен. Олар ағаштың өзімен бекітілген. Бесік жиде ағашынан жасалған. Тербетілуі де жеңіл. Түбек салатын ойығы да бар. Жөргек жаятын бел ағашы да мықты екенін көзге көрініп тұр. Қолбау, тізебау, екі тартпасы да тоза қоймаған. Ол кезде шүмек қойдың асықты жілігінен жасалған. Оның айрықша ақ болуына да маңыз берілген. Сол мақсатта арнайы сүтке қайнатылып алынған көрінеді.

23 шілде 2018 ж. 1 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 532 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам