Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ

СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ

  Қызылорда қаласындағы көптеген  өндіріс орындары мен өнеркәсіптің пайда болу және даму кезеңі Ұлы Отан соғысы жылдарымен тұспа-тұс келді. Соғыстан кейін ел ішінде тіршілікті жандандырып, тұралаған халық шаруашылығын қалпына келтіру жүргізіле бастады. Барлық мемлекеттік және адамдық ресурстар осы мақсатқа жұмылдырылған.  Соның нәтижесінде қалада жаңа өнеркәсіп орындары бой көтеріп, коммуналдық-тұрмыс нысандарының құрылыстары жедел қарқынмен алға басты.
Алтыншы бесжылдықта Қызылорда қаласында целлюлоза-картон зауытының құрылысы басталды. 1956 жылы Мәскеудегі мемлекеттік жоспарлау институтының арнайы экспедициясы Сыр өңіріне келді. Бұл біздің аймақ үшін айтулы оқиға болды. Олар замануи картографиялық құралдармен облыс аумағын картаға түсірді. Осы сапар негізінде осы аумақта қамыстың қоры мол екеніне көз жеткізді. Тұңғыш целлюлоза-картон комбинатын сол себепті Қызылордаға салуға шешім шығарған. Осылайша, өңірде ірі өндіріс орны пайда болды. Алайда, комбинат жоспарлағандай қамыс шикізатымен емес, Сібірден тасылатын ағаш қоры негізінде тіршілігін жүргізді. Оның жанынан №8 кәсіптік-техникалық училище ашылып, Краснокамский целлюлоза-қағаз техникумының филиалы ретінде қызметін жүргізді. Мұнымен қоса комбинатта еңбек ететіндер үшін қаланың солтүстік-батыс бөлігінен жұмысшы поселкелері салынатын болып жоспарланды. Бір ғана «Қызылордатрестің» құрылыс нысандарында 7 мыңға жуық тұрғындар еңбек етті. Жетіжылдық жоспарды орындау нәтижесінде Қызылорда қаласында ірі өнеркәсіп мекемелері пайда болды. Мәселен, күріш зауыты, құрылыс материалдары және конструкция комбинаты, ТЭЦ-6, ФНМ және жергілікті өндіріс материалдары мекемелері салынды. Швецияда жетілдірілген жабдықтар негізінде Қызылорда ет комбинаты іске қосылды. Оны қала өнеркәсібінің сол уақыттағы ірі жетістігі деп бағалауға әбден болады. Өнеркәсіп өнімінің өсуіне және еңбек белсенділігінің артуына сол жылдары социалистік жарысты ұйымдастырушылардың ықпалы зор еді. Қызылорда вагон депосының стахановшылары – слесарь Романов, автоматшы Гордеев күндік нормаларын 2-3 есе артық орындады. Ұжымда шикізатты және материалды үнемдеу жарысы өрістеді.
Қызылорда қаласы күріш өңдеу саласы бойынша да үлкен жетістіктерге жетті. Мұндай жоғары көрсеткішке қол жеткізуде жаңа күріш зауыты мен комбинаттың тигізген пайдасы зор болды.  Құрылысқа бөлінген 24 млн сомды мақсатты түрде игерудің нәтижесінде жасалуға тиісті жұмыстар алға басты. Сондай-ақ, осы уақытта облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін кешенді шешуде аяқ-киім фабрикасы айрықша көзге түсті. Фабрика ұжымы барлық өнімді тек бірінші категориямен немесе мемлекеттік сапа белгісімен шығарып отырған. Оның модельдері он жыл бойы халықаралық көрмелерге қойылып, жүлделерге ие болды.
Әр жылдары облысқа басшылық жасаған Хасан Бектұрғанов, Исатай Әбдікәрімов, Тәкей Есетов сынды азамттар өңірдің жан-жақты өркендеуіне үлес қосты. Осы жылдары Сыр бойы аграрлы өңір ретінде қарыштап дамыды. Асыл тұқымды мал бағытындағы кешендер құрылып, күріш тұқымын жаңарту үздіксіз жүргізілді.
Соғыстан кейінгі салынған зауыттар осылайша қала экономикасының артуына септігін тигізді. Бұл бағытта тұрғындардың ауызбірлігі, ұйымшылдығы, жауапкершілігі айқын көрініс берді.


Айтолқын АЙТЖАНОВА.


31 шілде 2018 ж. 1 202 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам