Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

ҚАҚПАНШЫ

   Облыстық "Сыр бойы" газетінің өткен санында Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылының тұрғыны Рүстем Кенжасариевтің қақпан құрып, қасқырды тірідей ұстағанын хабарлаған болатынбыз. Міне, тағы да осыған ұқсас жаңалық, бұ жолы қақпаншы дария бойындағы қасқыр ізіне қақпан салып, тағы бір түз тағысын қолға түсірді.
–Өз тәжірибемнен білетінім, қасқыр бір орнында тұрмайды, үздіксіз жортады да жүреді. Әрине, жолай кезде­скен құрбандығын олжалай жүріп, қаскөйлігін жалғастырады. Жыртқыштың жортуылы кез келген жаққа шапқылау емес, үлк- е-е-н шеңбер аралығында өтеді. Сол өзінің ойша сызған сызығы ішінде айналады, бір ізіне қайта түсу үшін бірер апта уақыт өтуі де мүмкін. Ал оның сырына қаныққан қақпаншы сол шаманы болжап, соңына түседі. Бұ жолғы менің аңғарпуымша, қасқырлар тоғай арасына қарай ойысқан секілді көрінген, мен қақпанды сол маңға жыртқыштың өтеді-ау, деген жолына құрдым. Сәті түсті, қақпаным қанды болды, соған қуанулымын,– дейді Рүстем. Қақпаншы өзінің 10 - сыныпқа көшкен ұлы Бексұлтанды осы өнерге баулып жүр. Тірі қасқырдың желкесінен ұстап отырған сол бала!


Н. НАЗЫМХАНҰЛЫ, 
Жаңақорған ауданы
04 тамыз 2018 ж. 1 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 217 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам