Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАС ЖОСПАР: АУҚЫМДЫ ДАМУҒА БЕТБҰРЫС

БАС ЖОСПАР: АУҚЫМДЫ ДАМУҒА БЕТБҰРЫС

    Осы аптада өткен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаланың бас жоспарына түзетулер енгізу жобасы талқыланды. Сессия отырысына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова қатысты.
Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Алғашқы мәселеде «2018-2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізуге байланысты қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова мәлімдеді. Мәселен, Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 18 тұрғын үйдің №1, 2 кварталының инженерлік желілерінің құрылысын бастауға бірталай мөлшерде қаржы қаралды. Оған газбен қамту, телефон жүйесі, абаттандыру кіреді.
Сонымен қатар, Қызылжарма ауылы мен Тасбөгет кентіне қарасты 15 көшеге қиыршық тас жол төсеуге жоба-сметалық құжаттама дайындалды. Қазір мемлекеттік сараптамадан қорытындысын алып, жұмыс басталғалы тұр. «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы аясында Байтұрсынов көшесінен Тоқмағанбетов, Қорқыт ата көшелеріне дейінгі ауыз су жүйесін қайта жаңғырту қаражатын көбейту жоспарлануда.
Халық қалаулылары одан кейін бас жоспарға өзгерістер енгізу жобасын қарады. Ол бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Мұқамедиса Әлсеріков баяндады. Соңғы 5 жылдықта бас жоспар аясында қабылданған жобалық шешімдер кезең-кезеңмен жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде Қызылорданың даму жағдайы едәуір өсті. Құрылыс саласы қарқынды жүріп, еңсесі биік ғимараттар бой көтеруде.
 – Бүгінгі күні республика бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламалар аясында еліміздің аумағын дамытудың бас жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Еліміздің стратегиялық мақсаттары мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары қайта құрылды. Осыған орай Қызылорда қаласының да бас жоспарына түзетулер енгізу қажеттілігі туындады. Бұл мақсатты орындауда облыс бюджетінен биылға қажетті көлемде қаржы бөлінді, – деді басқарма басшысы.
Одан соң қоғамдық кеңес ережесін және құрамын бекітуге қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Қаюповқа, қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамындағы өзерістерге қала әкімдігінің аппарат басшысы Алмасбек Есмахановқа берілді.
 Сессия отырысында ұсынылған мәселелерге орай қала әкімі:
– Қала аумағының көлемі бұған дейін 11 мың гектарды құрады. Жаңа жоба бойынша 19,6 мың гектарға ұлғайтылып, есептік мерзімі 2025 жылға дейін халықтың өмір сүру ортасын қалыптастырумен қоса шаруашылық-экономикалық және перспективалық даму бағыттары есепке алынды. Барлық инженерлік инфрақұрылым сызбаларына өзгерістер енгізіліп отыр. Бұрынғы бас жоспар құрамынан Қызылжарма, Тасбөгет кентінің шекаралары алынып, қала аумағына Қызылорда-Жезқазған трассасы бойындағы жалпы көлемі 980, 150 және 670 гектар аумақтары енгізілді, – деді.
Жеке тұрғын үй құрылысы енді жаңадан қалыптасып жатқан «Бәйтерек» тұрғын ауданына қарай дамиды. Ал, көпқабатты тұрғын үй құрылысы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қаланы қарқынды дамытуды қалыптастырады. Алдағы уақытта «Бәйтерек» ауданынан көлемі 3800 гектар аумақты ашу жоспарланып отыр. Бұл жер кезегінде тұрған 22 мың азаматтың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
– Сонымен қатар, қала шеңберіндегі елді мекендердің қатарында болмауына байланысты инженерлік желілерімен қамту мүмкін болмаған бірқатар саяжайлардың мәселесі шешімін тауып отыр. Яғни, бас жоспарға өзгерістер енуіне байланысты осы уақытқа дейін тұрғындар тарапынан жол, ауыз су, жарық мәселесі жиі көтеріліп келген «Сабалақ», «Эдельвейс», «Орбита» саяжайлары қала аумағына енгізілді. Енді аталған аумақтарда облыс орталығының бір бөлігі ретінде олардың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен қажетті қаржыны еш кедергісіз бөлуге мүмкіндік туады, – деді қала басшысы.
Қала халқының саны осыдан 5 жыл бұрын 240 мың адамды құраған еді. Ол 2025 жылға дейін қала халқының саны 310 мың адамға жетеді деп жоспарланып отыр. Оған қоса бас жоспарға түзетулер енгізу жобасында қаралғандай қала аумағы 14 тұрғын ауданға бөлінеді. Тұрғын үй құрылысын дамытудың негізгі бағыттары «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес жүзеге асырыла бермек.
Халыққа қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру мақсатында       қала шекарасының ұлғаюына байланысты мектеп құрылыстары жоспарланып отыр. Сондай-ақ, болашақта Сырдария өзенінің сол жағалауында тұрғындардың өсу қарқынын ескере отырып, сол аумақтан білім беру мекемелері және балабақшалар салу көзделуде.
– Қаламыздың бас жоспарына енгізілген өзгерістер – Қызылорданың ертеңі үшін ең ауқымды жоба. Сыр бойының әлеуметтік-экономикалық дамуының бет-бейнесін қаланың өркендеуімен байланыстыруға болады. Экономиканың қай саласында да облыс орталығы жақсы істердің ұйытқысы, тың жетістіктер мен жақсы көрсеткіштердің локомотивіне айналады. Алдағы уақытта да екі ғасырлық тарихы бар біздің шаһар дәулеті мен сәулеті келіскен көрікті орталыққа айналатынына сенімім мол. Енді бас жоспарға байланысты мәселелер тамыз айының басында өтетін облыстық мәслихатқа ұсынылмақ. Содан кейін қалада қызу тірлік бастағалы тұр, – деп аяқтады қала әкімі сессия отырысын.



Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
Суретті түсірген:
Бағдат ЕСЖАНОВ.
06 тамыз 2018 ж. 2 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам