ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – НЕГІЗГІ МІНДЕТ
Үстіміздегі жылдың 6 айында облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы 91 қылмыс тіркелген. Аталмыш санаттағы қылмыстардың саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,3 пайызға өскен. Дегенмен сыбайластықты болдырмау бағытындағы жұмыстар күшейтілген. Мәселен, осы уақытқа дейін 2 209 іс-шара жоспарлы түрде орындалған. Ол қоғамдағы сыбайластықтың алдын-алуға себеп болары анық.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Абзал Мұхимов биылғы алғашқы жартыжылдықта атқарылған шаралар жөнінде әңгімелеп берді.
– «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында азаматтардан сенім телефоны арқылы – 77, мессенджерлер мен әлеуметтік желі арқылы – 27, мониторингтік топтар арқылы –16, жалпы саны 120 өтініш келіп түсті. Есепті мерзімде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің баптары бойынша 23 әкімшілік іс қозғалып, 19 әкімшілік іс бойынша мемлекет пайдасына қаржы өндірілді, – деді департамент басшысы.
Үстіміздегі жылдың осы кезеңінде департаментте 1 598 066 қызмет көрсетілсе, оның, 1 023 617-ы электронды түрде атқарылған. Сонымен қатар, департамент жүргізген 25 тексерудің нәтижесінде 5 649 заң бұзушылық анықталған. Осындай жағдайларға жол берген 17 қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған.
Сондай-ақ, әдеп жөніндегі кеңестің 7 отырысы өткізіліп, онда 35 мәселе қаралды. Кеңесте тәртіптік істері қаралған 10 қызметші әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды.
Департамент басшысы сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар көп кездесіп жатқан салаларды атады. Олардың қатарында мемлекеттік сатып алу, қорғаныс істері, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамтамасыз ету саласы және ішкі істер органдары бар.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.