МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ШИПАЖАЙҒА ЖІБЕРІЛДІ
11 тамызда Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Т.Бөріқұлақов «Зеленый бор» санаторий-курорттық шипажайына емделуге баратын мүмкіндігі шектеулі 20 адамға бөлімнің «Газель» автокөлігімен Қызылорда қаласына тегін жетуін ұйымдастырып, сәтті сапар тіледі.
Айта кетейік, 2018 жылға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы Көкшетау қаласындағы «Алмаз», «Тәуелсіздік» және «Зеленый бор» шипажайларына емделуге 80 мүгедек жандарға тегін жолдама бөлінген. Бекітілген кестеге сәйкес мамыр айынан бастап мүгедек жандар шипажайларға жіберілуде.
Кезекті жолдамаға ие болған 20 мүмкіндігі шектеулі жан тамыз айының 13-22 аралығында «Зеленый бор» шипажайында қажетті ем-домдарын алып, тынығатын болады.
Жалпы, елімізде мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат оларды қоғамға тарту үшін тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге, әлеуметтік қорғауға, оңалтуға бағытталған.
Осы орайда, Қазалы ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мақсатты бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Мүгедек жандарға көрсетілетін мұндай қамқорлық жыл сайын жалғасын табатын болады.