СЕНІМСІЗДІКТЕН ҚҰТҚАРАТЫН ҮШ ЕРЕЖЕ
Мақсатқа жеті жолында сенімсіздік пен шешім қабылдай алмау көп кедергі жасайды. Көкейдегі күдік пен күмән, қорқыныш пен сенімсіздікті жеңу үшін не істеу керек? Алдымен бойыңызда келесі қасиеттердің бар-жоқтығын тексеріп алу керек:
Тәуелсіздік
Сүйікті ісіңіздің, хоббиіңіздің болуы
Сырт келбетіңіздің жинақы болуы
Тәуелсіздік – бұл басқаларға тәуелді болмау. Ересек адам бір ай жалғыз өмір сүре ала ма? Егер сүре алса бәрі дұрыс. Егер басқаларсыз бір ай өмір сүре алмасаңыз бұнымен жұмыс істеу керек. Себебі бұл да тәуелділік, өзгелерге, жалғыздыққа тәуелділік. Тәуелсіз адам өзіне ғана сенім артады.
Хобби – адамның айналасындағыларға құндылығын көрсететін бір көрсеткіш. Ештеңеге қызықпайтын адам өзіне назар аударта алмайды. Сондықтан жаныңызға жақын дүниені табу керек. Мәселен музыка, фото, астрономия, көркем әдебиет, скейт, сноуборд, шаңғы, сурет салу және т.б. Хобби адамның өз-өзіне сенімділігін арттырады.
Адамның сырт келбеті өзіне деген сенімділігін арттыру үшін аса маңызды. Мәселе сұлулықта емес, күтім мен стильде. Дұрыс киініп, өз-өзіне қарап жүрген адамның көңіл-күйі де жақсы болады.
Адам осы үш мәселені шешкен кезде бойында қандай да бір сенімділік пайда болады.