Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІНЕ

МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІНЕ

  1960-1970 жылдары Қызылордада 55 шағын, орта өндіріс орындары жұмыс істеп, қала халқының саны 46 мыңға жетті.
Шаһарда тұңғыш музыкалық училище есігін айқара ашты. Алғашқыда фортепиано, халық аспаптары, ән және хор-дирижер бөлімдері бар еді. Училищені бітірген өнерлі жастардың көбі өздерінің музыка жөніндегі білімдерін әрі қарай жоғары оқу орындарында жалғастырды, көпшілігі облыстық музыка мектептерінде сабақ берді.
Сол кезеңде қалалық партия активінің жиналысында мәдени-ағарту мекемелерінің жұмыстарында орын алған кемшіліктерді жою мәселесі қаралды. Мәдени-ағарту мекемелерінің идеологиялық бағытта жаңа міндеттерге сай қызмет көрсете алған жоқ. Оның басты себебі – бұл саладағы қызметкерлердің 35 пайызының ғана орта білімі бар, оқу үйлері, кітапханалар қажетті үйлермен қамтамасыз етілмеген еді. Осыған байланысты қаладағы мәдени-ағарту мекемелерінің жұмыстарын жақсарту бағытында басты міндеттер айқындалды.
Қаладағы мәдени-ағарту жұмысының қол жеткен табыстарына клуб мекемелерінің қосқан үлесі зор. Өйткені, бұл клубтар кейіннен пайда болған ірі мәдениет үйлерінің алғашқы бастауы еді. Яғни, Қызылорда қаласының өнері мен мәдениеті, тарихы осы клуб жұмысының жолға қойылуынан басталды. Сондықтан, бұл істің құлаш жаюы 1960-1970 жылдары ерекше қарқынмен жүріп жатты.
1960-1970 жылдары институт оқытушыларының 950-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 30-дан аса монографиялары мен оқулықтары көршілес республикалар мен шетел баспаларында жарық көрді. Филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қоңыратбаевтың, тарих ғылымдарының докторы, профессор Н.Күнхожаевтың, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор М.Эвербухтың есімдері Қазақ кеңес энциклопедиясына енгізілді.
Жаратылыстану факультетінің 35 түлегі аспирантурада оқыды. Олардың қатарында бүгінгі академик, профессор Н.Нәдіров, Қазақ мұнай институтының директоры қызметін атқарған профессор Е.М.Бородин, Новосібір пединститутының факультет деканы болған ғылым кандидаты Ю.Б.Филиппова болды.
Осы кезеңде институтта барлығы 226 профессор оқытушы қызмет етті. Оның 3-еуі ғылым докторы, профессор, 66 ғылым кандидаты, доценттер, 49 әкімшілік басқарма қызметкері болды. Министрлер Кеңесінің ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлауды дамыту және қолдану бұйрығына сәйкес, Қызылорда педагогикалық институтында айтарлықтай іс-шаралар өткізілді. Институттың 20 кафедрасындағы 152 адам ғылыми ізденіс жұмыстарына тартылып, 52-ге жуық өзекті мәселелерге зерттеу жүргізілді.
Жалпы институт республиканың сол кездегі 18 облысындағы жоғары оқу орындарымен, одақтық көлемдегі Мәскеу, Ленинград, Киев, Новосибирск, Ташкент секілді қалалардағы ғылыми-зерттеу институттарымен әртүрлі салада тығыз байланыс орнатты.
Сондай-ақ, облыс орталығында өндіріс орындары көптеп ашыла бастады. Тоқылмайтын маталар және «Ісмер» тігін фабрикалары іске қосылды. Қаладағы №6 жылу-электр орталығында 4-кезең құрылысы аяқталып, бір ауысымда 2,5 тонна өнім шығара алатын ұн зауыты, Қызылорда вагон жөндеу зауыты жаңадан пайдалануға берілді. Бұған қоса 80-жылдары қала аумағы кеңейіп, «Сәулет», «Ақмешіт» және «Мерей» шағын аудандары бой көтерді.
1960-1970 жылдары қала көлемінде күрделі құрылыс, әсіресе, мелиорация саласы дамыды. Бұған плотинаның іске қосылуы ерекше серпін берді. Сол жылдардағы үлкен өндірістік құрылым саналатын «Главриссовхозстрой» басқармасының құзырында 5 құрылыс тресі, 13 құрылыс монтаж бөлімшесі, 59 жылжымалы механика-колоннасы жұмыс істеді. Басқарма бір жыл ішінде 1 млрд. 489 млн. сомның жұмысын игерді, суландыру жүйесі қарқын алды.
Дәл осы кезеңде облыс күріш өндіруден Одақта екінші орынға шықты. Алып дарияның жағалауы инженерлік жүйеге келтіріліп, Сыр даласы қызу еңбектің көрігіне айналды.


Биболат Сәтжан.
(Ақмешіт Апталығы Газеті)
14 тамыз 2018 ж. 1 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам