ҚОС ОКРУГКЕ ӘКІМДЕР САЙЛАНАДЫ
Қалаға қарасты Қызылжарма ауылы және Белкөл кенті округтері әкімдерінің басқа қызметке ауысуына байланысты қалалық мәслихаттың мәжіліс залында депутаттар басқосты. Оған мәслихат хатшысы Роза Боханова, сайлау комиссияның төрағасы Асқарбек Есжанов қатысты.
Екі елді мекенге әкім лауазымына 4 үміткер ниет білдіріп отыр. Айталық, Қызылжармаға – Бауыржан Оспанов, Семсер Сыздықов, Белкөлге – Тастайбек Мұсабаев, Асқар Жүсіпов үміткер ретінде тіркелді. Халық қалаулылары олардың сайлауалды бағдарламасын тыңдады. Үміткерлер – Сыр өңірінің тумалары, жоғары білімді және отбасылы. Еңбек жолында бірнеше қызметтерді атқарған.

Сайлауға дейін олар ауыл мен кенттің тыныс-тіршілігімен тынысып қайтты. Кандидаттар өз бағдарламаларында ауыл мен кенттің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар бойынша шағын және орта бизнесті дамыту – басты мақсаттың бірі екендігіне назар аударды. Сондай-ақ, жол, жарық жайы да назардан тыс қалмайтынын жеткізді, жұмыссыздық мәселесі де ескеріледі. бар. Әкім қызметінен үміткерлер осындай проблемаларды зерделей келе, оны шешу жолдарына орай ой-пікірлерін білдірді.
Жиын барысында депутаттар үміткерлерге өз сауалдарын жолдады. Ал, сайлау жақын күндері өтеді деп жоспарлануда.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.