ЖЫЛЫЖАЙ – МОЛ ӨНІМНІҢ НЕГІЗІ
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары – Бекмырза Еламанов және Мұрат Бақтиярұлы облыс орталығында қалаға қарасты ауылдық округтерде болды. Онда бірқатар нысандарды аралады.
Халық қалаулылары алдымен Ақсуат ауылдық округіндегі «ҚазАгроМир» ЖШС-не қарасты жылыжай құрылысымен танысты. Жалпы құны 1 млрд. теңге болатын жылыжай құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазірдің өзінде мұнда 50-ден астам құрылысшы еңбек етуде. Аумағы – 2 гектар. Аталмыш орын өз жұмысын бастаса, жергілікті тұтынушыларды көкөніс өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етеді. 30 адам еңбекпен қамтылады.
Мұнан соң халық қалаулылары Қарауылтөбе ауылдық округіндегі «Натишаева» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Аталмыш құрылым бірнеше саланы қатар алып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Мұнда тұрақты және ауысымдық негізде 350-ге жуық адам еңбек етеді. Олардың орташа жалақысы – 70 мың теңге. Жылыжайда болған кезімізде жұмысшылар оны алдағы маусымға дайындап жатқанын көзбен көрдік. Кешен 2014 жылы салынған, еңбек адамдары арнайы дәріс алған.
– Көршілес Оңтүстік Қазақстан облысындағы әріптестерімізбен тәжірибе алмастық. Ақырындап осы саланы игере бастадық. Тұтынушылар тарапынан сұраныс өте жоғары. Қызылордалықтарды жергілікті өніммен қамтамасыз етсек дейміз. Осы мақсатта тынбай тер төгудеміз, – дейді мамандар.
Сонымен қатар мұнда «Орда» шаруа қожалығы орналасқан. Кешенде мал бордақылау алаңы, мал сою пункті, ет бағытындағы құс фермасы бар. Мұнда 120 мың арбор-Айкрес тұқымдас тауық өсіріледі. «Күніне 6500 жұмыртқа, 5 тонна ет өндіруге мүмкіндігіміз жетеді. Құсты Алматы облысынан әкеліп отырмыз. Бүгінде бұл орында 17 адам жұмыс жасайды,»деді құс өсіру шаруашылығына жетекшілік етіп отырған Кенжебек Қалмұратов.
– Жергілікті шаруалар халықты көкөніспен, жеміспен толықтай қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан Өзбекстан мен Қытайдан әкелінген өнім нарықты жаулап алды. Қыс мезгілінде жылыжайда өсірілген қызанақ пен қияр сұранысты өтеуі тиіс. Өкініштісі, еліміздің барлық өңірінде жылыжай шаруашылығы көркейіп, елді өніммен қамтып отыр деп айтуға келіңкіремейді. Жылыжайлар салынып жатқанымен, дамытатын тұстары көп. Бұл ретте аймағымызда осындай іргелі жобалар іске асырылып жатқаны көңіл қуантады, – деді Мұрат Бақтиярұлы.
Сенаторлар бұған дейін облыс аудандарында болды. Еліміздегі атқарылып жатқан жұмыстар және әлеуметтік экономикалық өрлеуін көздейтін стратегиялық бағдарламаларды іске асырудың заңнамалық негіздері бойынша насихат шараларын жүргізіп қайтты.

Биболат Сәтжан.