Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АҚША ҮШІН АНАСЫН ПЫШАҚПЕН ҚОРҚЫТҚАН

АҚША ҮШІН АНАСЫН ПЫШАҚПЕН ҚОРҚЫТҚАН

   Байқоңыр қалалық сотында анасынан ақша алу үшін оны пышақпен қорқытқан жігітке қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-бабымен сотталушыға қатысты қылмыстық іс бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен жүргізілді. Байқоңыр қалалық сотының мәліметіне сүйенсек, оқиға барысы былай өрбіген. Сотталушы азамат Байқоңыр қаласындағы Абай даңғылы бойында орналасқан пәтерде жанжал шығарған. Жанжал барысында айыпталушы асхана пышағымен ақша бермегені үшін анасын «өлтіремін, пышақтаймын» деп қорқытады. «Аталған іс әрекеті арқылы азамат ҚР ҚК-нің 115-бабына сай заңға қайшы әрекет жасаған», - деп хабарлайды Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі. Сот сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-бабымен кінәлі деп танып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (48100 теңге) айыппұл салуға үкім етті.
24 тамыз 2018 ж. 1 586 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам