ҚАСИЕТТІҢ ҚҰТТЫ ҚАДАМЫ
Осы аптада кәсіпкерлер үйінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Өзіңе сене баста» атты мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің өнімдерінен облыстық көрме-байқауы өтті. Шараға әртүрлі салада кәсіпкерлікпен айналысып жүрген барлығы 50 адам қатысты. Бұл мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер үшін облыстағы жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр.
Көрме барысында аймақ басшысы:
– Жұмыспен қамту кез келген мемлекет үшін қашанда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ал, азаматтарды жұмыспен қамтудың баламасы ол – кәсіпкерлік. Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдау әрі олардың дамуына жол ашу мақсатында «Өзіңе сене баста» көрме-байқауын өткізіп отырмыз. Оған қатысушылар тағдыр тауқыметіне қарамастан, қоғамда өз орнын тауып, өзін жұмыспен қамтып, өзгелерге жұмыс тауып берген азаматтар. Олар көпке үлгі болуға лайықты және қоғамды масылдық көзқарастан арылтуға септігін тигізеді», – деді Қ.Көшербаев.
Байқау жеңімпаздарын облыстық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері, кәсіпкерлер палатасының мүшелері, «Даму» қоры мен әлеуметтік қорғау ұйымы қызметкерлерінен құрылған комиссия анықтады. Нәтижесінде «Кәдесый жасау» жобасымен Жаңақорған ауданынан қатысқан Қасиет Орал облыс әкімінің алғыс хаты мен 1 миллион теңгеге ие болды.
Екінші орын «Аяқкиім жасау» Қармақшы ауданынан келген Ерлібек Жармаханов 700 мың теңгемен, үшінші орын «Кәріз жүйелері өнімі, темір және сурет бұйымдары» жобаларымен Қызылорда қаласынан қатысқан Аслан Ертохаев 500 мың теңге сыйақымен марапатталды. Сонымен қатар, байқаудың барлық 50 қатысушысы да грамота мен тұрмыстық техникалық тауарлар сертификатын алды.
– Бірнеше жыл бұрын жақындарымның көмегімен кәдесый жасаумен айналыса бастадым. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламаларда үздік нәтижелерге қол жеткіздім. Байқауда жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға осындай байқау өткізгені үшін және қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдіремін. Мұндай шаралар өз кәсіптерін дамыту үшін өте қажет деп есептеймін, – дейді миллионның иегері Қасиет Орал.
Қазіргі таңда облыста мүмкіндігі шектеулі 29353 адам тіркелген. Оларды қолдауға аймақта жүйелі жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылы жеке оңалту бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджеттен 680 млн. теңге бөлінген. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыспен қамту орталығы арқылы 376 мүмкіндігі шектеулі адамды жалпы жұмыс орындарымен, оның ішінде 148 мүгедек жанды тұрақты жұмыс орындарымен қамтып отыр.
2012 жылдан бастап өңірімізде «Инватакси» қызметі ұйымдастырылған. Бастапқыда инватакси тек 2 болса, бүгінгі күні олардың саны 18-ге жетті. Арбадағы азаматтарды тасымалдауға арналған аппарелі бар арнайы баспалдақпен жабдықталған 112 автобус қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлікпен айналысуды қалаған мүмкіндігі шектеулі қызылордалықтар әр салада өз істерін кедергісіз бастау үшін жан-жақты көмек ала алады.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.