Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ҰЛЫМДЫ ҰМЫТТЫ, ЕШКІМ ЕСІНЕ АЛМАЙДЫ». БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫҢ ӘКЕСІ КІМГЕ РЕНЖІДІ?

«ҰЛЫМДЫ ҰМЫТТЫ, ЕШКІМ ЕСІНЕ АЛМАЙДЫ». БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫҢ ӘКЕСІ КІМГЕ РЕНЖІДІ?

    Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінінде орналасқан мектепке басқа спортшының есімі берілген
Түркістанда қазақтың аты аңызға айналған боксшысы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов атындағы спорттық кешеннің ғимараты қираудың аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды Otyrar.
Спорттық кешен 2000 жылы ашылған. Қазір ғимарат жұмыс істеп тұрғанымен, ондағы спорт мектебіне спортшы Әбдісалам Нұрмахановтың есімі беріліпті.
Түркістан қаласына кіре бергенде Бекзат Саттархановтың ескерткіші жанында орналасқан спорт кешені ашылғалы бері бірде-бір рет дұрыстап жөнделмеген екен. Спорт мектебі директорының орынбасары жақында жөндейміз, ақша бөлінген дейді, алайда жұмыстың қашан басталатыны беймәлім.
"Біз мұнда республикалық жарыстар өткіземіз. Керемет деңгейде болмаса да, ұйымдастырып жүрміз. Келесі жылы наурызда жөндеу жұмыстары басталады. Құжаттары дайын, 300 миллион теңге бөлінген, қосымша ғимараттар салу жоспарда бар. Өз күшімізбен едендерін ауыстырып, кабинеттер жасағанбыз", — дейді Нұрмаханов атындағы спорт мектебі директорының орынбасары Төленбек Асанов.
    Марқұм боксшының әкесі Сейілхан Саттарханов телефон арқылы берген сұхбатында осы жағдайға байланысты өкпе-ренішін жасырмады.
"Бекзат Олимпиада чемпионы болған кезде бұл ғимарат бар болатын. Қазір сыртында Бекзаттың аты жазылып тұр, ал ішіндегі мектеп басқа спортшының атымен аталады, бұл ғимаратта балама қатысты ештеңе жоқ. Музейде тұрған медальдері түпнұсқа емес, бәрі өзімізде. Ұлымызды ұмытты, ешкім есіне алмайды, ол туралы бір ауыз жақсы сөз айтпайды. Ғимаратты жөндеу туралы айтпай-ақ қояйын, өздері жауап берсін. Бекзаттың құрметіне жақсы, заманауи ғимарат салса да болар еді, Қазақстанның намысын қорғап, елдің атын шығарды емес пе? Бекзаттай боксшы ешқашан болмаған сияқты көрінеді. Осының бәрін айту маған оңай емес, айта-айта жауыр болса да, еш нәтиже жоқ", — деп Сейілхан Саттарханов ренішін білдірді.


Айта кетсек, спорттық кешенге елді мекендерден мыңдаған оқушы барады екен, ұжымдағы бұрынғы 50 бапкердің қатарына жаңадан 40 адам қосылған.
Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімет бергендей, жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталады, ол үшін облыстық бюджеттен 7 миллион теңге бөлінген.

06 қараша 2018 ж. 1 608 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 069 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам