СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТТІ
Кеше аудандық мәдениет үйінде Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейлі мерейтойына орай қала өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Жыр әннің елі, Тұранның төрі – Қызылорда» атты мерекелік шарасы өткізілді.
Әсем ән мен көркем күй үйлесім тапқан іс-шараға аудан әкімі Ғ.Қазантаев, облыстық мәслихат хатшысы, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Н.Байқадамов, Қызылорда қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әбішұлы, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, шаруа қожалық төрағалары, аудан тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты шарада қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын Астана қаласының 20 жылдық, Қызылорда қаласының 200 жылдық және Сырдария ауданының 90 жылдық мерейтойларымен құттықтап, аймақтың және ауданның дамуына үлес қосып, еңбек сіңірген азаматтарды "Қызылорда қаласына 200 жыл" мерекелік медалімен марапаттады.
Мерейтойлық құттықтаудан соң қала өнерпаздарының ұйымдастыруымен мерекелік концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды.
Айта кету керек, Қызылорда қаласының 200 жылдығына Сырдария ауданы тарту ретінде облыс орталығында "Универсам" сауда үйінің жанындағы алаңға жаңғырту жұмыстарын жүргізді және «Өнері өрден, орны төрден – Сырдария» атты мерекелік концерт өткізді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.