Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ 3D-КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ 3D-КАРТАСЫ ЖАСАЛДЫ

  3D-картаға қола дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі  150 ескерткіштің виртуалды үлгілері   - 60 археология ескерткіші және 90 сәулет ескерткіші кіреді.
Қызылорда облысының аумағында 30 республикалық және 256 жергілікті маңызға ие 286 ескерткіш бар.
"Бұл - Орталық Азия үшін тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге бағытталған бірегей жоба. Ең озық жабдықтар мен технологиялардың көмегімен барлық нысандардың құжаттамасы дайындалған. Осылайша танымдық тарихи анықтама ғана емес, ескерткіштерді егжей-тегжейлі зерттеуге арналған аса дәлдікке негізделген құрал болмақ. Болашақта ескерткіштердің деректер базасы кеңейтіледі. Оқушылар мен студенттерді квест және басқа да ойын түрлері арқылы тарту үшін бағдарламалық өнімді әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Қазір түрік әріптестеріміз қызығушылық танытуда", - деді жоба авторы, Халықаралық Орталық Азия зерттеу институтының директоры Дмитрий Воякин.
Дмитрий Воякиннің айтуынша, 3D-картаны дайындау кезінде ескерткіштердің дәлдігі жоғары үш өлшемді үлгілерін жасау үшін 70 000 000-нан астам полигон әзірленді.
"Аймақтың мәдени ескерткіштерінің 3Д-картасы - «virtualmap.xyz» интерактивті веб - ресурсын құру үшін 33 000-нан астам сурет, ежелгі қалашықтардағы 4000-нан астам сурет, 40 000-нан астам аэрофотосуреттер және 13 сағаттан асатын пилотсыз ұшу аппараттарынан бейне түсірілімдер мен 450-ден аса және жерден 1000-нан астам панорамалық сурет жасалды", - деді Д.Воякин.
Карта арнайы сайтта ұсынылатын болады.  Қазіргі уақытта толықтыру жұмыстары жүргізілуде, 2019 жылдың қаңтар айында қолжетімді болады деп жоспарлануда.
07 желтоқсан 2018 ж. 1 017 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 073 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам