Мемлекет басшысы жалпыұлттық телекөпірге қатысады

Телекөпір барысында онлайн режимде бүкіл ел бойынша жаңа индустриялық-инновациялық, инфрақұрылымдық, энергетикалық жобалар іске қосылады.
Бұдан басқа, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық көрме-конкурсының, «Парыз-2018» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының лауреаттарын салтанатты марапаттау шарасы да өтеді. Шараға мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялардың басшылары, әкімдер, ҚР Парламент депутаттары, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, саяси партиялардың жетекшілері, қоғамдық бірлестік өкілдері, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары, өткен жылғы конкурстардың лауреаттары, 2018 жылғы сыйлықтардың номинанттары мен лауреаттары қатысады.