Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Алғыс айта жүрейік

Алғыс айта жүрейік

    «Қарғыс алмай, алғыс ал» деген дана қазақ. Қашанда ұрпағының санасына ізгі қасиеттерді сіңіруді басты қағида еткен бабаларымыз алғыс алуды жақсылық пен бақыттың бастауы деп білген. Расында, біреудің шынайы ризашылығына бөлену адамға үлкен рухани әсер беріп, өзара құрметті ұлғайта түседі. Оған тек отбасындағы тәрбиеде ғана емес, қасиетті Исламда да аса мән берілген. Бұл сөзімізге алғыс айтудың маңыздылығына терең тоқталған тағылымды хадис жолдары дәйек бола алады. Онда Жаратушы Тәңір өз пендесіне бір-біріне айырықша құрмет етуді, сыйласуды, алғыс айтуды уәжіп еткен.
         Жалпы, адамдардың өзара шынайы ризашылығы қоғамда мейірімділік пен сыйластықтың берік орнауының кепілі. «Ел алғысын алсаң, елеулісі боларсың» демекші көптің көңілінен шығып, алғысына бөлену кім-кімнің болмаса да мерейін асырып, жанын жадыратары сөзсіз. Себебі, ол адамның адамға деген шынайы ниетін, кіршіксіз көңілін, түптеп келгенде адами қасиеттің биік үлгісін көрсетеді.                                                            Айтпағымыз, ежелгі бабалардан қалған бұл үрдіс бүгінде өз жалғасын тауып келе жатқандығы көңіл қуантады. Сондықтан оның құндылығына аса мән беріліп, өз алдына атаулы күн ретінде мерекелік мәртебесі берілді. Осыдан үш жыл бұрын Елбасы 1 наурызды «Алғыс айту күні» деп жариялап, көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту күні республика көлемінде атап өтілді. Бұл өз кезегінде бір ел, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан ұлт пен ұлысты ұйыстырып, татулықты одан әрі бекіте түсті.                                              Ал, бұдан бөлек 11 қаңтар – дүниежүзілік алғыс айту күні екенін көпшіліктің бірі білсе, бірі біле бермейді. Атаулы күндер қатарына ресми түрде енбесе де, бұл мерекені әлем жұртшылығы ерекше атап өтеді. Бір дастарқан басына жиналып, бір-біріне риясыз ақ адал көңілін білдіреді. Себебі, бұл күн адамдарды жақындастыратын, қадірін танытуға мүмкіндік беретін  күн ретінде аса маңызға ие.                                                               Адамдардың өздеріне жақсылық жасаған жандарға жақсылықпен жауап қайтаруы адамгершіліктің биік шыңы екені белгілі. Ал, лайықты іске алғыс білдіріп, рақмет айта алмаған пенде Жаратушыға да шүкіршілік ете алмайтыны және аян. Бір әттеген-айы, күнделікті күйбең тіршілікпен бір-бірімізге көңіл бөліп, қарапайым алғыс айтудың өзін естен шығарып жатамыз. Десек те, кез келген жақсылыққа алғыс айту жан баласына қарыз болып саналғанымен, біреуден үнемі алғыс-мадақ күте берудің де әсте жөні жоқ секілді. Себебі, шын, адал ниетпен жасалған жақсылық Алладан да, адамнан да жауапсыз қалмайтынын ұмытпаған ләзім.                                  Өмірдің мән-маңызын арттырып, адамдар арасындағы сенімді, сыйластықты ұлғайтатын құрал ретінде алғыс айтудың қоғамда осылайша құндылығы жоғары. Сондықтан жан-сарайыңды нұрландырып, жүрегіңді жұмсартып, мейірім шапағын оятатын сауапты істен құр қалмаған абзал. Әсіресе, бір мүдде-мақсат, бағдарлы болашаққа негізделіп, бір мекенді ортақ Ұлы Отан еткен халықтар арасындағы алғыс пен сыйластық қашанда қоғамның берік тірегі. Ендеше, ғұмыр-дарияда алғысқа бөленіп, сыйластықта жүргенге не жетсін?
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
09 қаңтар 2019 ж. 1 996 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 431 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам