15 билет жинап 3000 теңгенің купонын ұтып ал

2019 жылдың 8 қаңтар-8 ақпан аралығында 15 билет жинап, 3000 теңгенің 170 сертификатын ұтып ал акциясы ұйымдастырылуда. Акцияның талабы – маршутқа мінген 15 билетіңізді жинау арқылы 3000 теңгенің купонына қол жеткізеді. Акцияға кез-келген тұрғын қатыса алады. Купон арқылы «Smaill» сауда үйінен қажетті затын сатып алады.
Мұндағы негізгі мақсат қаламыздағы жолаушылардың жол жүргендегі талаптары мен міндеттеріне сұраныс арттыру. Аталған акция қалаішілік №1, 18, 11,17, 14, 30 бағыттар бойынша ұйымдастырылған. Осының негізінде қоғамдық көлік қызметкерлері мен жолаушылар арасында өзара сенімді күшейту көзделген.
Жаңа жобада170-тен астам сертификат орнатылмақ. Олай болса, күнделікті мінген қоғамдық көліктен билет талап етіп, акцияға қатысуға мүмкіндік туып отыр.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
Сурет: Н.НҰРЖАУБАЙ.
Сурет: Н.НҰРЖАУБАЙ.