Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тасбөгет: Атқарылған істер ауқымы артты

Тасбөгет: Атқарылған істер ауқымы артты

  Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округ әкімдерінің халық алдында есеп беру шарасы кеше Тасбөгет кентінде жалғасты. Кент орталығындағы С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, кент әкімі Пахуаддин Шамұратов өткен жылы атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.
Тасбөгет кенті жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция капитаны Әсет Қаршығаның айтуынша  өткен жылы тұрақты түрде жүргізілген алдын-алу шаралары оң нәтижесін берген. Оның ішінде түрлі деңгейдегі қылмыстың орын алу көрсеткіші төмендеген.
 Келесі кезекте кент әкімі Пахуаддин Шамұратов былтыр Тасбөгетте атқарылған жұмыстар барысын таразылады. Қарамағына «Иіркөл» елді мекені мен «Сабалақ» саяжайы кіретін Тасбөгет кенті – қаладағы ірі әкімшілік аумақ. Облыс орталығының іргесінде орын тепкен бұл қоныста 30 мыңға жуық адам тұрады. Экономикалық белсенді тұрғындар – 52 пайыз. Халық көп шоғырланып, табиғи өсім саны жоғары.
Кент көлемінде барлығы 113 адам жұмыссыз болса, өзін-өзі еңбекпен қамтыған адамдар саны – 1482. Бүгінгі күні жұмыссыздық деңгейі 0,7 пайызды құрайды. Өткен жылы 334 адам екі қолға бір күрек тапты. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 200 адам, қоғамдық жұмысқа 73, жастар практикасына 44 және әлеуметтік жұмыс орындарына 17 адам орналастырылған.
         Кент әкімі Пахуаддин Шамұратовтың айтуынша, Тасбөгеттің қазіргі экономикалық дамуы қарқынды. Жыл сайын жергілікті халықтың қолайлы өмір сүруі үшін ілкімді істер жүзеге асып келеді. Кент табиғи газбен толықтай қамтамасыз етілген.
         – Кентте 4 орта мектепте барлығы 4946 өрен білім алуда. Оқушылар саны биылғы оқу жылында 105-ке артып отыр. Былтыр мектептерді 164 түлек бітіріп, ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде 75-і мемлекеттік грантқа ие болды. Барлығы 113 түлек жоғары оқу орнына түсті. Сонымен қатар, кентте мектепте дейінгі білім беретін 3 мемлекеттік және 6 жеке балабақша бар. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мұнда 140 орындық «Нұр Орда» балабақшасы пайдалануға берілді. Нәтижесінде кенттегі бүлдіршіндер 100 пайыз мектепке дейінгі мекемемен қамтылды, – деді кент әкімі.
         Кентте кәсіпкерлік айналысатын азаматтардың саны да жыл сайын артып келеді. Осылайша тұрғындардың тұрмыс жағдайы жақсара түсті. 2017 жылы кентте 321 кәсіпкерлік нысан болса, өткен жылы олардың саны 684-ке өсті. Олардың қатарында 649 жеке кәсіпкерлік, 16 шаруа қожалығы, 16 ЖШС пен 3 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі бар.  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша кентте өткен жылы 23 жоба мақұлданып, оның 18 жобасы қаржыландырылды. Өткен жылы «Ауылшаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Кәсіпкер» бағдарламасы аясында «АР-АЙ» жеке кәсіпкерлігі 10 млн. теңге несие алды, бүгінде олар жылқы малының санын көбейтуде, – деді кент әкімі Пахуаддин Шамұратов.
         Жергілікті тұрғындар  318 гектар жерге егін екті. Атап айтқанда 110 гектар картоп, 150 гектар көкөніс, 58 гектар бақша дақылдарынан мол өнімге негіз қалады. «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚМ арқылы құрамында 56 мүшесі бар «Тасбөгет» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, нәтижесінде «Береке» бағдарламасы аясында 192 млн. 600 мың теңге несие алды. Олар ет өндіру бағытында 379 бас ірі қара мал бордақылаумен айналысуда.
Кентте 1 мың 818 бас мүйізді ірі қара, 1мың 131 бас қой мен ешкі, 228 бас жылқы және 360 бас құс өсірілуде. Төрт түлік мал басы 68,5 пайызға өскен.
         Кентте жалпы ұзындығы 74,2 шақырымды құрайтын 54 көше бар. Өткен жылы ұзындығы 10 шақырым болатын 3 көшеге күрделі, 3 көшеге орта, 5 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, ұзындығы 16 шақырымды құрайтын «Иіркөл» елді мекеніне баратын жол орташа жөндеуден өткізілген.
         – Айта кетейік, «Сабалақ» саяжайы аумағын ауыз сумен қамту мақсатында жалпы жоба құны 579,7 млн. теңге болатын ұзындығы 17 шақырым су құрыбыры құрылысы жобасы қолға алынды. Оны іске асыруға былтыр республикалық бюджеттен 107,4 млн. теңге, облыстық бюджеттен 11,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысында «Дәнекер» ЖШС жеңімпаз болды. Қазіргі таңда 4 шақырымнан аса ауыз су құбырының құрылысы жүргізілді.
         Кентте 36 подстанция электр қуатымен толықтай қамтамасыз етуде. Қазіргі уақытта кенттік жаңадан қалыптасқан аумағына жалпы ұзындығы 17,9 шақырым электр қуатын жеткізудің жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Кентте  қарасты «Сабалақ» саяжайында балығы 12 подстанция орнатылған.
Жиын соңында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылы қалада атқарылған жұмыстарға тоқталды. Былтыр қала үшін табысты жыл болды. Қала бюджеті де артып, оған қыруар істің қарқынды жүргені көпшіліктің көз алдында. Әкімнің есебін тындаған жұртшылық ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейде жүрген сауалдарын жолдады.
Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
15 қаңтар 2019 ж. 1 543 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 427 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам