ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ САТЫЛЫП ЖҮР
Апта сайын Қызылорда қаласындағы ұйымдастырылатын жәрмеңкелерге тұрақтандыру қорының өнімдері тұрақты сатылып жүр. Жыл басынан бері 144,6 млн. теңгеге барлығы 178,6 тонна өнімдер сатылды.
«Мирас» сауда үйі арқылы 2017 жылға 8607 тонна тауарлық интервенциялар жүргізу белгіленген болса, бүгінгі күнге дейін 5693 тонна өнім жеткізіліп, өткізілді.
Биылғы жылы салынуы жоспарланған 5 әлеуметтік дүкеннің бүгінгі күнге 2-уі салынып, оның біреуі ү.ж. сәуір айында Шанхай мөлтек ауданында ашылса, екіншісі тамыз айында Арай-2 мөлтек ауданында ашылды.
Қалған 3 дүкен жыл аяғына дейін Саяхат шағын ауданы А.Айдосов көшесі, Наурыз шағын ауданы Б.Жөнбаев көшесінен, Әл-Фараби көшесі №261 мектеп жанынан салынуы жоспарлануда.
Сонымен қатар, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұрғындарға сатуына жағдай жасау мақсатында 7 дүкен шаруашылықтарға берілді. «Универсам» мөлтек ауданындағы дүкен сиыр етін сатуға «Сыр маржаны» шаруа қожалығына, ескі базардағы дүкен тауық, жұмыртқа өнімдерін өндіруші «Мөлдір и К» ШҚ-на, Төле би (ГОВД жанындағы) көшесіндегі дүкен балық өнімдерін сатуға «Тоған» шаруа қожалығына берілсе, Жібек жолы көшесі бойындағы дүкен «Жирен» шаруа қожалығына ет өнімдерін сатуға, Мерей мөлтек ауданындағы дүкен «Green House Company Kzo» шаруа қожалығына ет, күріш және бақша өнімдерін сатуға, Титов қыстағындағы және Торайғыров көшесіндегі дүкендер «Акмар и К» ЖШС-не ет және сүт өнімдерін сатуға берілді.