Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

Тұрғындар тілегі ескерусіз қалмайды

  Қала әкімінің халық алдында есеп беру жиынында тұрғындар көкейде жүрген сауалдарын жолдап, тұщымды жауабын алды. Қалаға қарасты "Сабалақ" мөлтекауданының тұрғыны Үрләй Бәйімбетова аталмыш аймақтағы инфрақұрылым жәйін сөз етіп, алдағы уақытта онда жарық, табиғи газ мәселесінің қашан жолға қойылатынын сұрады. Бұл орайда қала әкімі қаланың орталығымен қоса, шеткі аймақтары және ондағы әрбір тұрғынның әлеуметтік әлеуеті әрдайым назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
         – "Сабалақ" күннен-күнге үлкейіп келеді. Жер көлемі бұрын 11 мың гектар болса, қазір 20 мың гектардан аса аумаққа ұлғайған. Біз қаланың бас жоспарына сәйкес, қалаға қарасты саяжайлардың барлығын шаһар аумағына енгізіп, соның арқасында шет аймақ инфрақұрылымын дамыту ісін қолға алдық. Өздеріңізге белгілі, заңдылық бойынша мұндай шараларды жүзеге асыру бұған дейін мүмкін болмай келген еді. Енді бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Биыл ондағы ауызсу мәселесін шешу мақсатында республикалық бюджеттен 400 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Оған 17 шақырым ауызсу желілерін жаңғырту жоспарланып отыр. Ал, жарық беру ісі бойынша ағымдағы жылы мөлектауданда 250 кВт қосалқы станция орналастырылады. Сондай-ақ, табиғи газдың да игілігін көретін күн алыс емес. Қазірдің өзінде қаланың 95 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген, – деді Н.Нәлібаев.
         Ал, Жасұлан Жақыпов есімді қаланың жас тұрғыны өз кәсібін ашып, табысқа жетіп отырған замандастарына қызыға қарайтынын сөз етті. Осы орайда кәсіпкерлікке талапты жастарға мемлекет тарапынан қандай мүмкіндіктер жасалатынын сұрады.
         Облыста 2018-2020 жылдар жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығына арналды. Ал, биыл Елбасының Жарлығымен "Жастар жылы" деп жарияланды. Бұл кейінгі буын өкілдері үшін – үлкен мүмкіндік. Былтыр облыс әкімінің қолдауымен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Онда аталмыш салаға байланысты барлық кеңес беру бөлімдері жұмыс жасайды. Тек бизнес жоспарыңызды ұсынсаңыз, техникалық әрі құжаттамалық негіздемелерін мамандар түсіндіріп береді.
         Осылайша бағыт-бағдар беріп, жол сілтеген қала әкімі былтырдың өзінде қалада 3000-нан аса жас кәсіпкердің тіркелгенін алға тартты.  Аталмыш сұраққа егжей-тегжейлі жауап берген шаһар басшысы жеке ісімді бастаймын деген талапты жанға мемлекет әрқашан қолдау білдіретінін тағы бір мәрте атап өтті.
         Сондай-ақ, жиын барысында сөз сөйлеген Мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досмамбетов  қаланың көркею жолындағы серпінін ерекше бағалады.
         – Қазіргі таңда қала шеңберінде жасалып жатқан шаралардың жемісті нәтижесіне бәріміз куәміз. Бұл – облыс және қала әкімінің ұзақ мерзімге арналған стратегиялық жоспарын іске асырудың жетістігі екені белгілі. Өзім де 1996 жылдары осы басшылық саласында қызмет атқардым. Сондықтан маған бұл бағыттағы жұмыстар өте жақсы таныс. Заманына қарай, уақыт ағымынан қалыспай шаһарымыз өсіп-өркендеп келеді. Оны сыртта жүрген жерлестеріміз бен қала қонақтарының білдірген жылы лебізінен-ақ байқап жүрміз. Екінші ұстаз – Әбу насыр әл-Фарабидің "Қайырлы қала тұрғындары" деген трактатында қаланың дамуы, гүлдеп-көгеруі тұрғындардың қолында деген ой айтылады. Расында, шаһардың шырайлана түсуі бір ғана әкімге байланысты дүние емес. Сондықтан өсіп-өркендеген қалада өмір сүргіміз келсе, оған барша жұртшылық болып атсалысқанымыз дұрыс, – деді қаланың бұрынғы әкімі.
         Ал, көп жылдан бергі қаланың құрылыс саласында еңбегі сіңген ардагер Өмірзақ Көпірбаев бір жылдағы мұндай жетістіктер легі көп жылдық кемел келешекке жол бастайтынын жеткізді. Облыс орталығынан бой көтеріп жатқан зәулім ғимараттар мен жүзеге асырылған келелі істерді көпшілік қашанда қолдайтынын айтып, халық атынан ризашылығын білдірді. "Халық – қазы, еңбек – таразы" деген осы...  
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
Суреттерді түсірген Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.
09 ақпан 2019 ж. 934 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам