Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мерекелік мезірет

Мерекелік мезірет


      Н. Бекежанов атындағы облыстық драма театрының ұжымы көктемнің алғашқы мерекесіне орай №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушыларына концерттік бағдарламасын ұсынды.
  Кешке театр әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Үмүгүлсін Бегімова, Мәдениет қайраткері Бектеміс Ботбаев бастаған өнер майталмандарымен қатар, театрдың жалынды жастары қатысты.
  Мерекелік жиын барысында театрдың жас таланттары әннен шашу шашып, би биледі. Сонымен қатар, Қ.Жүнісовтың "Ғашықтар хикаясы" комедиясынан үзінді ойнады. Кеш соңында аталмыш орталық директорының орынбасары Темірхан Исаханұлы театр ұжымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаны үшін ақеден алғысын білдірді.
Айта кетейік, облыстағы іргелі өнер ордасы ұжымының 8 наурыз –халықаралық әйелдер күніне орай тағы да мерекелік шашуы бар. Театр өз көрермендерін аталмыш мереке күні С.Балғабаевтың "Ең әдемі келіншек" драмасымен бірге күтеді.
Бағлан МАХАМБЕТОВА.
07 наурыз 2019 ж. 979 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 342 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам