Жалағаштық кәсіпкерлермен жүздесті
Кеше облыстық "Рухани жаңғыру" орталығының бөлім басшысы Бекарыс Нұриманов, бөлім маманы, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов Жалағаш ауданының кәсіпкерлерімен кездесті.
Кездесуде Бекарыс Нуриманов:
- Кез келген мемлекеттің дамуына серпін беретін күш - сол елдің кәсіпкер азаматтары. "Рухани жаңғыру" бағдарламасының басым бағыттарының бірі - кәсіпкерлерді қолдау, олардың игі істерін елге жеткізу. Ендеше, мемлекеттің тірегі мен мықты әскеріне айналған кәсіпкер азаматтардың ұлттың дамуына қосып жатқан еңбектеріне табыс тілейміз, - дей келе, бірқатар ұсынысын ортаға салды.
Сондай-ақ, жиында елдегі әлеуметтік мәселелер, оларды шешу тетіктері талқыланып, қоғамды позитивті бағытта дамыту жайлы рухани әңгімелер айтылды.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі