Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Алматыда 18 жыл бойы іздестірілген қылмыс әлемінің «серкесі» ұсталды (видео)

Алматыда 18 жыл бойы іздестірілген қылмыс әлемінің «серкесі» ұсталды (видео)

Қазақстан мен Қырығызстанның ІІМ-нің бірлескен шұғыл шараларының нәтижесінде Алматыда Интерпол желісі арқылы 1991 жылдан бері іздеуде болған азамат ұсталды. Бұл туралы "АКИpress" басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Тұтқындалған азамат 1971 жылғы. Бұған дейін ұрлық, қарақшылық, аса ірі көлемде ұрлық жасап, атыс қаруын заңсыз сақтап, алып жүріп, адам ұрлап, бопсалағаны үшін бірнеше рет сотталған ер адам Шу облысының тумасы екен.
Қылмыстық милиция қызметінің мәліметінше, азамат ұйымдасқан қылмыстық топтарлың бірінің белсенді мүшесі ретінде есепте тұр. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастыру, бопсалаушылық баптары бойынша айыпталып, халықаралық іздеуде болған. Ол қылмыс әлемінде үлкен беделге ие, бұған дейін «бақылаушы» деген қылмыстық статусы болған. 2011 жылдан бері іздестірілген екен.
Қырғызстанның ІІМ қылмыстық милиция қызметіне халықаралық іздеудің фигуранты қазіргі уақытта Қазақстанның құжатын заңсыз алып, Алматы қаласының аумағында жасырынып жүргені туралы шұғыл ақпарат түскен.
Биылғы жылдың 8 наурызында Қырғызстан милициясы Алматы қалалық полиция департаментімен бірге шұғыл іздестіру шараларын жүргізіп, оны Алматы қаласынан ұстады. Ер адам қамауға алынды.
18 наурыз 2019 ж. 1 893 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам