Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бала қауіпсіздігі – басты назарда

Бала қауіпсіздігі – басты назарда

   Әр ата-ана дүниеге дені сау ұрпақ әкеліп, саналы, білімді, ар-намысын жоғары қоятын азаматты тәрбиелеуді мақсат етеді. Ал, мектепке барып, қоғамдық ортамен араласа бастағанда баланың теріс жолға түсіп кетпеуі үшін де сақтық шаралары мықтап қолға алынады. Бұл бағытта қаламызда үлкен жұмыстар жасалуда. Осыған орай, облыс орталығындағы №264 мектеп-лицейде жас өрендердің тәрбиесіне қатысты мәжіліс өткізілді.
Шараға қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов төрағалық етті. Балаға тек мұғалім емес, ата-анада жауапты екенін және олармен тығыз байланысты жұмыс жасау қажеттігін түсіндіру мақсатында өткен мәжілісте бірқатар мәселелер ортаға салынды. Мәселен, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы қалалық полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі, ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Жасұлан Шамшидинұлы сөз қозғады. Ол қаладағы полиция қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының бірігіп атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.
Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік, суицид мәселесі де қоғамда өршіп тқр. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының суицидолог маманы Мира Айтжанқызы бірқатар ауқымды мәселелерді ортаға салды. Оны шешу жолдарын қарастырды.
Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық жұмыстары да оқушыларға әсер етеді. Осы орайда, қалалық білім бөлімінің басшысы Ақзира Қасымова 2018-2019 оқу жылындағы мектеп бітірушілердің жоғары оқу орындарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру керек екендігін ескертіп өтті. Ал, ҰБТ-ны тапсырарда санға емес, сапаға мән беру қажеттігін баса айтты.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
03 сәуір 2019 ж. 1 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 449 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам