ІІІ Интернационал ауылында наубайхана ашылды
Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы аясында жеке кәсіпкер Маxамбетова Луиза халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында ауыл іргесінен шағын наубайхана цехын іске қосты.
ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі Омаров Асет Тұрмаxанұлы сөз алып кәсібін бастаған Луизаға сәттілік тіледі. Сонымен бірге лента қию рәсіміне ауылдық округі әкімі А.Омаров пен ауыл тұрғыны Али Гейдаровқа ұсынылды.
Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Құндақбаев Бостан Шегебайұлы кәсіпкерлік саласы туралы пікірін айтып, жеке кәсіпкер Луизаға тілектестігін жеткізді.
Маxамбетова Луиза "Микробизнес Қызылорда" бағдарламасы аясында өткізілген жобаға қатысып,несие алып өз кәсібін дөңгелентіп отыр.
Наубайxана нан пісіруге қажетті барлық заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. Мұнда тәулігіне тапсырысқа сай 150 көмеш нан пісіріледі. Пештен шыққан ыстық нан ауылдағы бірнеше дүкендерге жеткізіліп отырады.