ДЕПУТАТТАР ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Қалалық мәслихат депутаттары С.Пазиловтың, Т.Мақашевтың, Қ.Ерназаровтың, Ә.Мампаевтың, Н.Ахатовтың, И.Лидің өз округтері бойынша сайлаушылар алдындағы есеп беру кездесулері өтті.
Кездесулер барысында депутаттар 2017 жылдың қорытындысы бойынша өз округтерінде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Тұрғындар тарапынан жол жөндеу, көшені жарықтандыру, қаланың шет аймақтарына қатынайтын қоғамдық көліктердің жүру бағыты мен арақашықтығын ретке келтіру, қосымша жол белгілерін қою, көшеге арнайы қоқыс жәшіктерін қою мүмкіндіктерін қарастыру секілді бірқатар мәселелер көтеріліп, депутаттар тарапынан бұл мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта жүзеге асырылатындығы айтылды.
Сайлаушылар есеп берген депутаттарға оң бағасын беріп, өз ризашылықтарын білдірді.