Қызылордалық полицейлер оқушылар арасында сайыс ұйымдастырды
Қыркүйек айның 1 күнінен бастап «Абайлаңыз-балалар!» ұранымен жыл сайын елімізде республикалық акция өткізілуде.
Сондай-ақ, ақция аясында полиция қызметкерлері әрбір мектептер мен балабақшаларға барып, балаларды жолда жүру ережесімен таныстырып, жол қауіпсіздігін есте сақтауға шақырады.
Оқушылардың жол қауіпсіздігін сақтау, жолда жүру ережелерін үйрету мақсатында Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде «Абайлаңыз-балалар!» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалар жолда жүру ережелерімен танысты. Балаларға жұмбақтар мен викториналық сұрақтар қойылып,белсенді қатысқан балалар сыйлықтармен марапатталды. Шара барысында «Абайлаңыз-балалар!» тақырыбында суреттер мен эссе жазу байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Жеңімпаздарды Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығы полиция полковнигі Абылай Жаппаров, облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы полиция аға лейтенанты Біржан Бекбаев және мектеп инспекторы полиция майоры Алия Ерназарова марапаттады.
Шараға 70 оқушы қатысып, оларға алғыс хат, мақтау қағаздары және сыйлықтар табысталды.
Акция аясында білім беру мекемелерінде балалардың жол жүру ережесін біліктілігін арттыру мақсатында арнайы лекциялар, дөңгелек стол, семинарлар, тренингтер, сауалнамалар ұйымдастырылуда.