Дәрігерлер біліктілігін арттырды

Еңбек қызметі процесінде жұмысшылар белгілі бір дәрежеде денсаулығына зиян келтіретін қолайсыз өндірістік факторлармен жұмыс жасайды. Зиянды өндірістік факторлардың жұмыскерлердің денсаулығына жағымсыз әсері тек соматикалық аурулардың пайда болуымен ғана емес, сонымен қатар түрлі дәрежедегі кәсіби аурулардың да пайда болуына әсер етеді.Осыған байланысты міндетті медициналық тексерулердің маңызы өте зор.
2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында мерзімдік медициналық тексерулермен қызметкерлердің қамту үлесі 99,5% немесе 6459 адамды құраған. Медициналық байқау қорытындысымен 430 соматикалық ауру табылған. Анықталған аурулардың 66,6%амбулаториялық емделуге, 16% санаториялық-курорттық емделуге, 4,4% диеталық тамақтану, 13% стационарлық емделуге ұсыныс берілген.

Семинар соңында алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерді сапалы әрі уақытылы жүргізу, кәсіптік ауруларды ерте сатыда анықтау бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, нақты тапсырмалар берілді.