Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Паралимпиадалық ойындардан 38 медаль иеленді

Паралимпиадалық ойындардан 38 медаль иеленді

Ақтөбе қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында ҚР V жазғы Паралимпиадалық ойындары өтті.
Дүбірлі додада Қызылорда облысының паралимпиадалық құрама командасы табысты өнер көрсетіп, 38 медаль иеленді. Оның 27-і алтын, 4-уі күміс, 7-уі қола медаль.
Республикалық Паралимпиадалық ойындардың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қызылорда облысының командасы жүлделі 4-орынға ие болды (17 команданың арасынан).
Жекелей есеп бойынша жеңіл атлетикадан Бекжан Зулбулхарұлы, Бахытбек Нұржанов, Виктор Гуревнин 100 жəне 400 метр, Даяна Федосова 100 метр, Мейіржан Мақшат 1500 метр қашықтыққа жүгіруден алтын медальдарды жеңіп алды.
Бекжан Зулбулхарұлының 200 метр қашықтыққа жүгіруден мерейі үстем болды.
Бағдат Елібаев пен Мейіржан Мақшат 400 жəне 800 метр қашықтыққа жүгіруден бірінші болып келсе, Ислам Салимов күміс жүлдеге ие болды.
Даяна Федосова мен Бақберген Қолғанат ұзындыққа секіруден жеңімпаз атанса, Ислам Салимов күміс жүлдені иеленді.
Даяна Федосова мен Виктор Гуревнин 200 метр қашықтыққа жүгіруден 1-орынды жеңіп алса, Бағлан Елібаев 3-орынды еншіледі.
Виктор Гуревнин жеңісіне орай ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Сондай-ақ, Бақберген Қолғанат пен Еламан Жоламан найза лақтырудан мықты екендіктерін дəлелдесе, Еламан Жоламан диск лақтырудан үздік атанды.
Алмасбек Сейтенов найза мен диск лақтырудан қола жүлделерге қол жеткізді.
Пауэрлифтингтен Кабира Асқарова (-50 келі), Станислав Шакиев (-65 келі), Айгүл Байжанова (-79 келі) жəне Ляззат Жакупова (-86 келі) алтын, Қуаныш Əлиасқаров (-54 келі) күміс, Фариза Төлжан (-50 келі) мен Қуаныш Амангелдиев (-65 келі) қола жүлделерді иеленді.
Жүлдесіне орай Фариза Төлжан ҚР спорт шебері нормативін орындады.
Парадзюдодан 66 келі салмақ дəрежесінде Олжас Оразалыұлы чемпион атанса, 73 келіде Азамат Тұрымбетов 3-орынға ие болды.
Сонымен қатар, мылтық атудан Сағатбек Сиюов қола жүлдені еншіледі.
Отырып ойнау волейболынан облыс құрамасы күміс жүлдегер атанды.
19 қыркүйек 2019 ж. 1 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 049 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам