Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » » Суреттерді шүберекпен сөйлеткен

Суреттерді шүберекпен сөйлеткен

   Қолы алтын шеберлердің қиялы мен танымына шектеу жоқ. Нәтижесінде көздің жауын алатын небір ғажайып дүниелер туындайды. Олардың әр туындысы өзінше сыр шертіп, қолөнершінің қайталанбас қолтаңбасын айғақтайды емес пе?!
Осы орайда ерекше туындыларымен көзге түсіп жүрген қала тұрғыны Айгүл Бексалиева кестелеу өнерінде өз өрнегімен танылып келеді. Оның басқадан өзгеше туындылары ізденіс барын байқатады. Алғаш инстаграм желісі арқылы шебердің қолынан шыққан дүниесіне қызыққаным бар. Көздің жауын алатын бұл өнерге қызығушылық кейіпкермен таныстыққа ұласты.
   Бұл іспен шұғылданғанына 6 жылға жуықтаған екен. Басында хобби, кейін кәсіп көзіне айналған. Қазір сұраныс бойынша жұмыс жасайды. Яғни, шығыс елдерінде кең тараған батик өнерімен айналысады.¬¬¬¬¬¬¬¬ Жұмыс барысы күрделі, біршама уақыт кетеді. Төзім мен табандылықты талап етеді.
   – Мен жиырма жылдан астам уақыт қаладағы мектептің бірінде технология пәнінен сабақ бердім. Оқушыларға түрлі бағыттағы қолөнер түрін үйрететінмін. Ол жерден кеткеніммен сүйікті ісімді әрі қарай жалғастыруды ойладым. Содан бері осы бағытта ісімді жандандырып келемін. Бұл – өз-өзімді жетілдіру, дамыту үшін жасалған бастама еді. Артынша кәсіп көзіне айналдыруды көздедім. Оған жұртшылық тарапынан сұраныс артты. Осылайша ол жеке кәсібіме айналды, – дейді кейіпкеріміз.
  Батик техникасы дегеніміз – суретті матаға түрлі бояулар мен балауыздар арқылы бейнелеу, әшекейлеу. Осы ретте явандықтардың шеберлігі жоғары саналады. Оған қоса мұның он мыңнан астам түрі бар екен. Ал, Айгүл осы техниканы қолдана отырып, картина бетіне атлас лентамен жан бітіреді.
   – Қолөнердің бұл түрін еркін игеріп кеттім деп айта алмаймын. Әуелі жеңіл түрінен бастадым. Қол үйрене бастағанда көлемді дүниелер жасауды жоспарладым. Ол үшін әрине, осы явандықтардың техникасына сүйендім. Қажетті материалдарды Қытай елінен алдырамын. Көбінесе табиғаттың суреті бейнеленген матаға тапсырыс жасаймын. Бір-екі ай көлемінде қолыма тиеді. Содан соң оны атлас лентамен әрлеймін. Ол таспалаудан өткен соң ерекше түрге енеді. Әрбір туындымнан кейін екінші тынысым ашылғандай күй кешемін. «Өнерді үйрен де жирен» дейді ғой бабаларымыз. Расымен қолөнермен айналысу адам болмысын түбегейлі өзгертеді деуге негіз бар, – деді жұмысының қыр-сырымен бөліскен Айгүл.
   Қызығушылықтан бастау алған талпыныс осылай ажырамас кәсібіне айналған. Өмірін өнермен толықтырған оның туындылары да аса шеберлікпен жасалған. Бұл ол игерген қолөнердің бір түрі ғана. Бұдан өзге жапонның кинусайгасында жетік меңгерген. Айтуынша, оны жасау үшін көп нәрсе қажет емес. Ең қажеттісі, пенопласт өнімі мен қалдық маталар жиынтығы. Бастысы түстерді үйлестіре алсаң болғаны. Ол жасаған 3Д суреттер, пенопласт паннолармен қабырғаларды безендірген әдемі көрінеді екен. Кейіпкеріміздің үйінен туындыларының бірқатары көзімізге шалынды. Бөтен бір әлемде жүргендей әсер қалдырды. Әрі үйдің сәнін кіргізсе, әсемдігі шаршағаныңды ұмыттырады.
  Қазіргі таңда қолөнершінің туындыларына сұраныс артқан. Алыс-жақын аймақтан тапсырыс та түсетін көрінеді. Әсіресе, батыс өңірде қызығушылық бар. Мәселен, ол Ақтау қаласында өткізілетін сән көрсетіліміне, басқа да маңызды іс-шараларға жиі шақырту алады. Картиналарын көбіне сол жақта таныстырып, сатылымға шығарады. Бағасына қарамастан сатып алатындардың қарасы көп. Олардың қатарында шетелдік азаматтар басым екен.
   Бір қызығы, біздің аймақта қолөнердің бұл түрімен айналысатындар жоқтың қасы. Бізде көбіне ұлттық нақышқа ден қойылған. Десек те, өнердің жақсы, жаманы жоқ. Әдемілік ешқашан көптік етпейді.
Айдана САЙДУЛЛАҚЫЗЫ
10 қыркүйек 2019 ж. 1 627 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам