ІЗГІЛІК ШАРАПАТЫ
Көрісу күні дегенде анам айтқан мына әңгіме ойыма оралды. «Бала кезімізде жыл сайын наурыздың 14-і күні үйде бауырсақ пісіріліп, жеті күлше таратылатын. Үлкендердің амал, Көрісу күні деп айтып жатқандарын талай мәрте құлағымыз шалды. Ата-анамызбен бүкіл ағайын-туысты аралап, көрісіп, дәм татып шығатын...