Байқоңырда «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Іс-шара өткізу барысында «Жастар ресурстық орталығы», Байқоңыр қалалық бөлімі және Қармақшы аудандық білім бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, Төретам кенті және Ақай ауылдық округінде орналасқан ойын-сауық орталықтары, дүкендер және мейрамханалары тексерілді. Сонымен қатар заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, тұрғын үй жайлардан тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында бірлескен рейдтік іс-шара жүргізіліп, барлығы 11 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі