Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылөзекте мал басы көбейді

Қызылөзекте мал басы көбейді

   Кәсіпкерлікті дамытуға арналған үш жыл көптеген ауылдық округтегі жұмыссыздар үшін көмек болды. Мәселен, Қызылорда қаласына қарасты Қызылөзек ауылдық округінде жыл басынан бері 13 кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Соның аясында 15 жаңа жұмыс орны ашылған.
 Одан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар аясында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 6, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 3 жобаға қаржы тартылды. Ал, «Еңбек» бағдарламасымен 11 жобаға қайтарымсыз грант берілген. Ауылда кәсіпкерлікті дамыту бағытында тиісті шаралар атқарылуда. Мәселен, Қызылөзек елді мекеніндегі Марат Қожабековтің шаруашылығында шұжық өндіретін цех іске қосылып, өз өнімдерін тұрғындарға ұсынып отыр. Ал,  мал сою алаңы тәулігіне 1,5 тонна ет шығарады.  Онда  12 адам тұрақты еңбекпен қамтылған. «Ақмар және К» ЖШС ет және ет өнімдерін өңдеу орталығының өнімдері төмен бағамен нарыққа шығарылуда. Аталған мал сою алаңына қосымша консервіленген ет өнімдерін шығаратын агрегат орнатылмақ. Алдағы уақытта шұжық өнімдеріне қоса консервіленген ет өнімдерін шығару жоспарланып отыр.
 – Бүгінде ауыл келбеті жылдан-жылға шырайланып, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі жақсарып келеді. Әлеуметтік  демографиялық өсімі артып, еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуда. Тұрғындардың бірлігі бекем, тірлігі берекелі. Көрсеткіштерді айтып өтсем, әлеуметтік жұмыс орнымен – 6, жастар тәжірибесімен – 8, тұрақты жұмыспен – 19 азамат қамтылды. Одан бөлек, 33 тұрғын қоғамдық ақылы еңбекке тартылған.  Жыл басынан 152 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ал, 11 отбасыға тұрғын үй көмегі көрсетілді. Жақын арада тұрғындардың игілігі үшін медициналық амбулатория пайдалануға беріледі деп күтілуде, – деді қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылөзек ауылдық округінің әкімі Сәкен Әбдіжаппар.
Ауыл бұрыннан мал өсірумен айналысып келеді.  Бүгінде ата кәсіпті дамытуды тұрақты қолға алған тұрғындардың істері өрге басып отыр. Қазіргі таңда 34 шаруа қожалығы, 3 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі мал және егін шаруашылығымен айналысуда. Елді мекенде мал шаруашылығы тұрақты дамып, олардың басы сақталып отыр. Мәселен, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша «Сыбаға» бағдарламасы аясында 1 шаруа қожалығы  10 млн теңге несиеге 603 бас аналық қой мен 24 бас асыл тұқымды қошқар сатып алған. 
Ауыл әкімінің айтуынша, ауыз су мен аяқ су мәселелері өз шешімін тапқан. Бұрын тұрғындарды автокөлік жол­дары мәселесі қинайтын. Бұл салада да серпіліс байқалады.
 – Қызылөзек және Айнакөл елді мекендеріне кіре беріс жолындағы «Қараөзек бекеті-2» және «М.Жабағыұлы» көшелерін орташа жөндеу, «Айнакөл-1» көшесінің жолына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, 3 дана жарық бағанасы, 3 аялдама орнатылып, 8 электр бағанасы жаңартылды. Қараөзек бекетінде жаңадан ауыз су жинау қоймасы және ауыз су жүйесі құрылысын жүргізу жұмыстары аясында ұңғыма бұрғыланып, бас су тоған ғимараты салынуда, – деді ауыл әкімі.
Сонымен қатар, елді мекенді көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылғы газдандыру жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін дайындалған есептемелері бойынша 72,5 млн. тенге қаражат бөлу жөнінде облыстық коммунальдық шаруашылық және энергетика басқармасына бюджеттік өтінім берілген.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ
24 желтоқсан 2019 ж. 738 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам