Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Толағай табысты Талсуат

Толағай табысты Талсуат

  Талсуаттық тұрғындар мемлекеттік бағдарлама тиімділігін байқап, оның игілігін көруде. Ауылда  жеке кәсібін ашуға бел буғандар саны жыл санап артып келеді. Қазір елді мекендегі кәсіпкерлік саланың бет алысы өте қарқынды.
Қоғамның сұранысына сай ауыл шаруашылығы, тігіншілік, бет әрлеу, тырнақ сәндеу сынды көпшіліктің қызығушылығы артқан соңғы трендтегі дүниені де кәсіп көзіне айналдыра білген. Қазір онда 94 кәсіпкерлік нысан жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 21,3 пайызға өскен. Ал, осы жылы 20 кәсіпкерлік нысан ашылып, 14 жұмыс орны құрылған. Мұндағы азаматтардың жеке ісін ашуға «Бизнестің жол картасы-2020», «Сыбаға» сынды ауыл шаруашылығын қолдаудағы мемлекеттік бағдарламалар мен жұмыссыздықты жою мақсатындағы кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстары сеп болған. Соның нәтижесінде қой шаруашылығы, мүйізді ірі қара, жылқы мал басын көбейту, жүк тасымалдау бағытындағы жобаға «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорымен» 38,7 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ, «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 2 жоба мақұлданған. Яғни, сүт өнімінен өндірілетін өнім шығару ісі мен көлік жөндеу орталығын ашуға 11 млн теңге қаржы берілген. Бизнес ашудың тағы бір тетігі «Еңбек» бағдарламасы арқылы 9 жобаға қайтарымсыз грант берілген. Бұл ретте «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі 1 азаматтың жобасы мақұлданған.
Мемлекеттік бағдарламалар әсіресе, ауыл шаруашылығы саласының ілгерілеуіне негіз болып отыр. Аталған бағытта қой, сиыр, жылқы төлін көбейту мен асылдандыру, құс өсіру жұмыстары қолға алынған. Қазір 4 шаруа қожалығы, 1 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі, 20 мал шаруашылығы осы мақсатта жұмыс істейді.
Бүгінде ауылдық округте бірқатар саяжай тұрғындарын есептегенде  2 мыңнан астам халық тұрады.  Олардың сапалы өмір сүруі үшін білім беру, денсаулық сақтау, ауыз су, жол қатынасы сынды қажетті шаралар жасалған. Ел болашағы болар саналы ұрпақ тәрбиесінде №178 мектеп ұжымы еңбек етеді. Қазіргі кезде онда 400-ге жуық өрен тәлім алады. Ал, саяжайларда тұратын оқушыларды «Газель» автокөлігімен тасымалдау жолға қойылған. Ал, оларды спортқа баулуда білім ошағындағы спорт залы мен ауыл маңындағы 2 спорттық ойын алаңы қолданысқа берілген. Білім беру ісі – басты сала. Сондықтан ондағы сапа мен өрендердің жан-жақты әрі сапалы білім алуына, жастайынан саналы қалыптасуы маңызды. Бұл ретте ауылдағы мемлекеттік «Заңғар» және «Балнұр» жекеменшік балабақшасы бүлдіршіндерді тәрбиелеу ісінде қызмет етуде.
Өзге ауылдық округтер сынды мұнда да дәрігерлік амбулаториясы ауыл халқының денсаулық сапасын қамтамасыз етеді. №5 қалалық емханаға қарасты емдеу орнында 2100 тұрғын тіркелген.
Халық денсаулығының бірден-бір кепілі әрі сапалы өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде – ауыз су жайын айтуға болады. «КАЗсушар» ЖШС теңгеріміндегі ауыз су құбырлары 328 үйге жүргізілген.  Ауылішілік су жүйесінің жалпы ұзындығы – 4,7 шақырымды құрайды. Дегенмен округтегі жаңадан бой көтерген аумаққа  ұзындығы 15182 метр болатын ауыз су құбырының құрылысы басталған.  Сондай-ақ ауылда аяқ су мәселесі де оң шешімін тапқан.
Тіршілік тыныс алған аумақты жарықтандыру да өзекті іс. Талсуатта жалпы 31 көше болса, оның 11 негізгі көшесіне жарықтандыру жүргізілген. Ал, елді мекенді жарықтандыруда 145 электр бағанасы орнатылған.
Осылайша, биыл атқарылған істерді саралаған ауыл әкімі Болатбек Нұрлыбаев барлық игі бастаманың алдағы уақытта да жалғасын табатынын тілге тиек етті.
 Айдана СЕЙІЛ
30 желтоқсан 2019 ж. 707 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам