Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Белкөл жаққа барғанда...

Белкөл жаққа барғанда...

  Қара жолдың бойында мәрт те, нәмәрт те отырады демей ме, бүгінгі Белкөл туралы айтқанда сол сөз ойыма орала кетті. Олай деп ойлауымның мін бар. Себебі Қызылордаға келетін қонақ осы кенттің үстінен өтеді, бірі болмаса бірі көз салады. Жарқырап тұрса жаны жадырайды, тұнжырап тұрса түйсігі төмен түседі. Ауылына қарап азаматын таныған елміз, осылай сырт адам сыртынан баға береді.
Біздің Белкөлге барғанымыздың бір сыры осы. Кенттің күйін, келбетін көргіміз келді. Әлеуметтік мәселенің шешімі қалай? Оған кент әкімі қалай үлес қосып жүр? Осы мәселе әрбір тұрғынның көкейінде жүрген жәйт болса керек, оны кезіккен кісілерден білдік. Сондықтан журналистік ізденіспен ізденіспен жан-жақты сұрау салдық.
Рас, бүгінде Қызылорда қаласына қарасты кенттер кемелденіп келеді. Әсіресе, Белкөл кентінің бағыты айқын. Қазіргі таңда көпшілік үшін маңызды мәселелер шешімін тауып, тұрғындар қала халқымен теңдей дәрежеде өмір сүруде. Мәселен, «көгілдір отын» тартылған, жарықтан мәселе жоқ. Десе де, әлеуметтік сала бойынша әлі де атқарылар түйіткілді шаруалар бар. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында жұмыссыз жандар басты назарға алынған. Соның нәтижесінде 297 адам өзін-өзі еңбекпен қамтыса, 25 азамат «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» арқылы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. Бұл көрсеткіштер елді мекенде жұмыссыздық мәселесінің күрмеуі шешіліп келе жатқанын толықтай дәлелдей түседі. Тұрғындардың жұмыспен қамтылуы елдің әлеуметтік жағдайын арттыратыны анық.
 – Соңғы уақытта жұмыссыздық елімізді жаппай шарпып алғаны анық. Дегенмен, бүгінде оңды өзгерістер байқалады. Оны өзіміздің туған өлкемізден аңғарып жүрміз. Бүгінде қол қусырып үйде жатқан адам некен-саяқ. Кенттегі әкімшілікке барып, жұмыссыздыққа тіркеліп, көбісі еңбек етіп жүр. Соның нәтижесінде өзім де еңбекпен қамтылдым. Бүгінде несібемді адал еңбекпен тауып жүрмін. Орта буын жастағы кісі болған соң жұмыс табу қиындық туғызғанмен, қоғамдық қызметке тұрдым. Ал, жастарға мүмкіндік мол. Көбісі өздерінің кәсібін ашып, мемлекет беріп отырған мол мүмкіндікті пайдаланып отыр, – дейді Белкөл кентінің тұрғыны Күлдерайым Алдамұратова. 
Айтса, айтқандай мұнда атқарылған ауқымды істерге қарап, бөлінген бюджеттің толық жұмсалғанын байқауға болады. Мәселен, өткен жылдың есепті кезеңіне дейін бекітілген қаржы толығымен орындалған.
 – 2019 жылдың басынан бекітілген бюджет 128 млн.245 мың теңгені құраса, жыл көлемінде бұл қаражат 207 млн. 406 мың теңгеге нақтыланып, 1,5 есеге артып отыр. Кенттегі қаржыны қажет еткен негізгі жұмыстар уақытылы іске асырылды. Десе де, артық орындалған қаражат кезек күттірмейтін жұмыстарды атқаруға жұмсалды. Атап өтсем, 21 көшеге көше атаулары жазылып, бағдар беретін тақтайшалар ілінді. Себебі, жедел-жәрдем көліктері тиесілі мекен-жайды таба алмайтыны жөнінде тұрғындар арасында сыни пікірлер атылған болатын. Одан бөлек, тағзым алаңы қайта жаңғыртудан өткізілді. Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің расына автокөліктердің кіріп-шығуына қолайлы жағдай жасау үшін тротуарды кеңейтіп, автотұрақ салынды, – дейді кент әкімі Тастайбек Мұсабаев.
Белкөл кентінде шағын бизнес саласы қарқынды даму үстінде. Мәселен, кәсіпкерлік нысандар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 15,7 пайызға артып, барлығы 22 нысанға жеткен. Шағын ғана кентте бірталай кәсіптің көзін ашып, халық игілігі үшін еңбек етіп жатқан кәсіпкерлер жетерлік. Соның нәтижесінде 27 тұрақты жұмыс орны ашылған.
– Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда жүйелі жұмыстар жасалып жатыр. Тұрғындар «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында таза ауыз сумен қамтылған. Кентте орналасқан 369 пәтерлік 4 қабатты тұрғын үй, мектеп, балабақша секілді әлеуметтік нысандар орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Жол құрылысын дамыту бағытында да ауқымды шаралар қолға алынуда, – деді кент әкімі.
Аталған кентте Жастар жылына орай жүйелі жобалар қолға алынған. Мәселен, тұрғындардың сұранысы негізінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, білікті мамандардан білім алуын қамтамасыз ету бағытына ерекше ден қойылған. Бүгінде «Әл-Әзиз» оқу-шығармашылық орталығында 90 оқушы білім алып, домбыра, би үйірмелеріне қатысуда.
 Өткен жылдың өзінде кентте бірқатар кәсіпкерлік нысан ашылып, ел игілігіне  берілген. Оларға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде жыл санап елді мекен көркейе түсуде. Дегенмен, кентте атқарылатын жұмыстар, шешімін күткен өзекті мәселелер әлі де бар екенін жасыруға болмайды. Алдағы уақытта олардың оңтайлы шешілуі үшін тиісті жұмыстар қолға алынуда. Ең басты міндет елді мекеннің әлеуметтік жағдайын жақсартып, мәдениетін көтеру, тұрғындардың тұрмысын түзеу.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
06 қаңтар 2020 ж. 761 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам