Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Бақытты отбасы» орталығы ашылды

«Бақытты отбасы» орталығы ашылды

   Қалалық «Жұмыспен қамту орталығы» бүгіннен бастап өз жұмысын жаңа ғимаратта бастады. Қазіргі таңда, жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) құжат қабылдау жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатқаны баршамызға белгілі.
Айта кету керек, қалалық «Жұмыспен қамту орталығы» бұған дейін «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу» бөлімімен бірге бір ғимаратта орналасқан болатын.
Бұл мекемелер арқылы қызмет алушылардың саны бірнеше есеге ұлғайып, қызмет көрсету барысында ғимараттың тарлығы айтарлықтай жайсыздық тудыратын. Себебі қалада 2019 жылдың қорытындысымен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 5 есеге өскен.
Осы мақсатта, көп балалы аналардың сұранысын қанағаттандыру, келушілерге жайлы жағдай жасау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында қала әкімі Н.Нәлібаевтың тапсырмасымен Жұмыспен қамту орталығы ЖАЛПЫ АУМАҒЫ 750 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимаратқа көшірілді.
Қала орталығындағы бұл ғимарат, Сүлейменов көшесі №70 мекен-жайында орналасқан. «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» атауымен «OPEN SPACE» форматында өз жұмысын бастаған бұл орталықта қызмет алушыларға барлық ыңғайлы жағдайлар жасалған.
Яғни, 150 адамға арналған КҮТУ ЗАЛЫ, БАЛАЛАР ОЙЫН БҰРЫШЫ қарастырылған.
Орталықта - жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларға кәсіпкерлік бастамалар мен кәсіптік бағдар беру, мемлекеттік бағдарламалар аясында гранттық қаржылар қарастыру, қайта даярлау курстарын ұйымдастыру секілді қала халқы үшін қажетті және маңызды жұмыстар жүзеге асырылады.
Алдағы уақытта, орталықтың ішінде ЗАҢГЕРЛЕР, ПСИХОЛОГ МАМАНДАР кеңес беретін арнайы бөлмелер, АНАЛАР БӨЛМЕСІН қарастыру жоспарлануда.
Жалпы, жыл басынан қалалық «Жұмыспен қамту орталығы» жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 700-ден астам өтінім қабылдаса, «Жастар» тәжірибесі арқылы - 125 жасқа, әлеуметтік жұмыспен қамту арқылы - 80 адамға, 450 азаматқа қоғамдық жұмысқа және 250-ден астам қала тұрғындарына тұрақты жұмыс орындарына жолдама берген.

Қалалық ішкі саясат бөлімі
14 қаңтар 2020 ж. 901 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам