Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көптің күші көлдей

Көптің күші көлдей

  Ақ ұлпаға бөленген Қызылорданың бүгінгі көрінісін қанша уақыт күттік десеңші... Қылышын сүйретіп қыс мезгілі келгенімен дәл қазіргідей қалың қар жауған жоқ. Мұндайда дала кезіп, табиғаттың тылсым күшін тамашалап, таза ауада серуендеудің өзі бір ғажап дүние. Көңілге қуаныш, жанға рахат сыйлайтын осындай аппақ әлеммен Қызылорда одан бетер сұлулана түскендей.
Қардың  қалың түскені соншалық, ағаштың бұтағы майысып, ерекше сипат беріп тұр. Қасына барсаң құдды иіліп, сәлем салып тұрғандай күй кешесің. Иә, табиғаттың шеберлігінде шек жоқ. Адам баласы бар күшін салса да, дәл мұндай көріністі қолдан істей алмасы анық.  
Десе де, қалада көктайғақты болдырмау, адам өміріне қауіп төндірмеу мақсатында қар күреуге тиісті сала мамандары таңмен таласып, жұмыла іске кірісті. Оның ішінде «Қызылорда тазалығы» мекемесі күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бүгінде көшені қардан тазалап, құм себу жұмысына мамандандырылған техниканың 42-і және 130-ға жуық қызметкер күш жұмылдырды. 
Өздеріңізге мәлім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Осы тұста қалалық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен әлеуметтік желіде «Біз біргеміз» атты қар күреу челленджі ұйымдастырылды.  Осылайша жергілікті тұрғын, ерікті жастар өз ауласын, қоғамдық орындарды, көмекке мұқтаж жандар мен қариялардың ауласын қардан тазарту жұмысына белсене кірісіп кетті.
Сыр өңірінің 50-ден аса ерікті жасы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйін тазалауға көмек көрсетті. Сондай-ақ, қаламыздағы «Абай» аллеясына тазалық жұмыстарын үнемі жүргізіп отыруды қолға алуда. Мұндай игі іске барлық ауданның ерікті жастары үлес қосуда. Олар да ардегерлер мен көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, ауласын тазартып беруде.
«Жақсылықты бөліссең көбейеді» демекші, аталған челлендж республика көлемінде жүзеге асуда. Біздің өңірде де «Жолды қауіпсіз ету өз қолымызда! Сіздерді де осы жұмысқа белсенді түрде үлес қосуға шақырамыз» деген ұранмен біршама қызылордалық көшеге шығып қар күреді. Олардың қатарында жеке кәсіпкер мен қарапайым халық та бар.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтылмаса керек. Жарты күннің өзінде қаланың біраз көшесі қардан тазарып қалды. Атап айтсақ, көлік жүретін басты көшелер, жаяу жүргіншілер жолы, дүкендер мен адам көп шоғырланатын орындар тазартылды. Осындайда «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген тәмсіл еріксіз еске түседі.
Ақмарал ҚАДЫРХАН.  
28 қаңтар 2020 ж. 946 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам