Көзге көрінбейтін ауқымды жобалар
Әлемдік сарапшылар пікіріне сүйенсек, халыққа қолайлы қаланың басты шарты – инфрақұрылымның мінсіз болуы. Өмір сүруге қолайлы қалаға айналу мақсатында жүзеге асып жатқан ауқымды жобалар көзге көрінбегенмен, тұрғындарға сезілетіні сөзсіз.
Бұл орайда қалалықтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстарды айтпай кетуге болмайды.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 18,3 млрд теңгеге 1046 қызылордалық баспанамен қамтылып, қаланың сол жағалауы, шет аймақтары, Бәйтерек, Қызылжарма, Әл-Фараби, Саяхат мөлтек аудандарының инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымы нығайтылды.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылды. 6 млрд-қа Жезқазған трассасының бойынан 150 гектар жер, Саяхат мөлтек ауданы, Сырдария өзенінің сол жағалауы, қаланың шет аймақтарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту, жайластыру жұмыстарын кешенді түрде шешу мақсатында 2,5 млрд-қа жуық қаржы жұмсалды.
«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 18,3 млрд. теңгеге 1 мың 46 қызылордалық баспанамен қамтылып, қаланың Сол жағалауыжуық қаржыға қала көлеміндегі ауыз су желілері қайта жаңғыртылды.
Қалаға қарасты Белкөл кенті, Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Талсуат, Ақжарма, Қызылөзек ауылдық округтері мен Наурыз, Сабалақ елді мекендерінде 64,3 шақырым ауыз су құбырларына, 6 кешенді су жинау қоймасының құрылыстарына 2 жарым млрд. теңге жұмсалды.
2 млрд. 596 млн. теңгеге қаладағы 23 канализациялық сорғы станцияларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы жылдары 27 млрд. теңгеге 365 шақырым су, кәріз желілері жаңартылды.
Қаламыздағы бу қазандықтары, 21,5 шақырым жылу жүйелері жаңартылды. Кейінгі жылдары 8 млрд теңгеге 65 шақырымнан астам жылу жүйелері қайта жаңғыртылды.
Халықтың сұранысына сәйкес, тозығы жеткен электр желілерін қайта жаңарту мақсатында қаладағы Қызылжарма ауылдық округі, Шанхай, Коммунизм, Гагарин, Титов, КБИ тұрғын аудандарында 4,5 млрд. теңгеге 500 шақырымға жуық желілер қайта жаңғыртылып, 53 қосалқы станциялар орнатылды.
Кейінгі жылдары қаламызда 1,3 млрд. теңгеге 165,2 шақырымды құрайтын 132 көшеге жарықтандыру жұмыстары.