Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мектептерде мұғалім тапшы

Мектептерде мұғалім тапшы

Білім – білікті елдің болашағы. Сондықтан ол әрдайым қырағы қадағалауды, айрықша мән беруді талап етеді. Облыс орталығында осы салаға ерекше назар аударылған. Қазір бұл бағытта жаңа әдістер, тың тәсілдер өмірімізге енуде. Соның бір парасы ретінде ұстаздарды қолдау, оқушылар мен түлектерге барынша жағдай жасау – қашанда негізгі міндет. Бәсекеге қабілетті ұлт тәрбиелеу жолында білім сапасын арттыру қашаннан маңызды. Олай болса, өңірдегі аталған саланың ахуалы қандай? Бұл сұраққа облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова жауап берді.
– Бүгінде аймақтағы 3 пен 6 жас аралығындағы балалар 100 процент балабақшамен қамтылса, ерте жастағы баланың мектепке дейінгі білім беру ұйымымен қамтылуы 20,7 поцентті құрап отыр. Профилактикалық бақылау кезінде байқалғаны балабақшаларда сапалы білім беру үшін қажетті құрал-сайман, оқулық пен жұмыс дәптерді күшейту қажеттілігі бар. Сонымен қатар, педагогикалық білімі бар мамандарды мектепке дейінгі білім беру сапасы бойынша қайта даярлаудан өткізуді ұсынып отыр, – деді ол.
Орта білім жүйесінің ахуалы жөнінде сөз етсек, қазіргі таңда қалаға жан-жақтан қоныстанушы көп. Сондықтан да қала мектептерінде оқушы саны шектен тыс көбейіп отыр. Бұл үш ауысымда оқытудың қажеттілігін тудырып отыр. Қазіргі таңда облыс орталығында үш ауысым қаупі бар 7 мектеп бар. Ал аудандарда 2 апатты мектептің құрылысы жүргізілуде.
Сондай-ақ аталған саланың жай-күйін зерттегенде білім беру ұйымдарында орыс сыныптарында маман жетіспеушілігі анықталған. Ал бұл мәселе өңірдегі мектеп басшыларын алаңдатып отырғанға ұқсайды. Атап айтсақ, облыс орталығының өзінде жыл сайын 20-ға жуық орыс тілінде бастауыш сынып педагогы жетіспейді. Орыс сыныптарында физика, химия, биология, математика пәндерінің мұғалімдері зейнетке шығып жұмыс істеуде. Әсіресе, ауылдық жерлерде орыс тілі пәнінен маман жетіспеушілігі орын алуда.
– Аталған мәселені шешу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне ұсыныс жасадық. Ол : 2020-2021 оқу жылынан бастап орыс топтарын ашу. Осыған орай, ректордың 25 грантын бөлу қарастырылған. Сонымен қатар, педагогикалық колледждерде орыс топтарын ашу да аталған мәселені шешудің тиімді жолының бірі болып табылады, – дейді Ғалия Дәулетова.
Оқулықпен қамтамасыз ету жылда жаңа оқу жылы басталған сайын үлкен мәселеге айналады. Сондықтан оның алдын алу үшін осы бастан жұмыс жүргізіліп жатыр.

Айтолқын АЙТЖАНОВА
17 наурыз 2020 ж. 417 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам