Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тариф төмендетілді

Тариф төмендетілді

Төтенше жағдай кезеңінде тұрғындар үшін коммуналдық қызметтердің тарифі төмендетілді. Барлығы халық игілігі үшін жасалып жатыр. Осындай сын сәтте бірлігімізді көрсетіуіміз керек. Ешкім де, ешнәрсе де назардан тыс қалмайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Усаин Медет мәлімдеді.
         –Төтенше жағдай кезінде тұрғындардың қордаланған қарыздарына қарамастан қызмет көрсету тоқтатылмайды. Мерзімін өткізіп алған төлемдер үшін өсімпұл есептемейді. Тұтынушыларға қолайсыздық тудырмау үшін төлемдер мен ұсынылатын қызмет онлайн режимде жұмыс жасауда. Яғни, терминал немесе мобилдік қосымшалар арқылы төлем жасауға және epd.kz сайт арқылы жүргізуге болады. Сонымен қатар, «Энергосервис» мобильдік қосымшасымен әр абонент өз қарызын көріп, ары қарай сілтемелер арқылы электронды түрде төлем жасауға болады, – деді сала басшысы.
        Брифингте электрмен жабдықтау қызметіне 15,9 теңгеден 14,46 теңгеге, жылумен жабдықтау қызметтеріне 96,76 теңгеден 87,07 теңгеге немесе 10 пайызға, сумен жабдықтау қызметтеріне 45,61 теңгеден 40,80 теңгеге төмендетілгенін атап өтті.
        Карантин кезінде мемлекет тарапынан көрсетілуі керек көмек тиісті деңгейде атқарылуда. Оны халық күнделікті ресми мәліметтерден есітіп, біліп отыр. Сондықтан елге келген сынаққа сабырлық сақтап, табандылық танытуымыз керек. Өйткені бірлігі бар елдің қашанда түтінуі түзу ұшады. Біз оны брифинг барысында байқадық. Біз біргеміз!
Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.  
18 сәуір 2020 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 434 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам